Индонезияда Палестинаны қаралаған TikTok қолданушысы сотталуы мүмкін

TikTok желісінде Палестина «шошқаларын қыруға» шақыратын видеоны жариялаған индонезиялық алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ол «киберкеңістік туралы» заңды бұзғаны үшін айыпталды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Индонезия әлемдегі ең көп мұсылман тұратын мемлекет және ол Палестинаны әрдайым қолдайды. Бұл видео Батыс Нуса-Тенггара провинция полициясының ашуына тиді. Күдікті TikTok желісіндегі видеосы арқылы Палестинаға жала жапты

Полиция мәлімдемесі

Reuters агенттігі күдіктінің желідегі аккаунтын анықтамады. Бұл туралы хабарлаған Kompas TV дерегінше, күдікті кешірім сұрап, Палестинаны Израильмен шатастырғанын айтты.

23 жастағы индонезиялыққа «Электронды ақпарат және транзакциялар (ITE) туралы заңды бұзды» деп айып тағылды.

Контекст

  • Бұл заңды ұзақ уақыт бойы құқық қорғаушылар сынап келеді. Сарапшылардың айтуынша, заң қоғамдағы келіспеушілікті басуға, оппозицияны қудалауға және баспасөз бостандығын шектеуге мүмкіндік береді.
  • SAFEnet ұйымының мәліметінше, 2016 жылдан 2020 жылға дейін бұл заңмен 700-ге жуық адам түрмеге қамалды. SAFEnet — Оңтүстік-шығыс Азия бойынша желідегі баспасөз бостандығын қорғайды.

Мадияр Бабахан. Тұран университетінің 3-курс студенті.

Factcheck.kz