Фейк | Жапония премьер-министрі: Үндістан Олимпиадаға қатыспаса да медаль береміз

Әлеуметтік желінің қытай сегментінде Жапония премьер-министрі Ёсихидэ Суга Үндістан ұлттық құрамасы жарысқа келмесе, оларға барлық Олимпиада медалін беруді ұсынған «жанжалды мәлімдемесі» бар видео тарап жатыр. AFP фактчекерлері видеодағы «аударылған» субтитрлердің шын емес екенін анықтады.

Фейк | Жапония премьер-министрі: Үндістан Олимпиадаға қатыспаса да медаль береміз
© AFP скриншоты

Видео Facebook-те 2021 жылдың 7 маусымында жарияланды. Ол 15 000-нан астам рет қаралды. Қытай тіліндегі жарияланым тақырыбы былай аударылады: «Үндістан»: біз Токиода өтетін Олимпиада ойындарына кез келген уақытта баруға дайынбыз». Жапония: «Сіздер келмесеңіздер, барлық медаль беріледі».

Видео Үндістан премьер-министрі Нарендра Модидің сөзінен басталады.

Қытай тіліндегі субтитрлерде былай делінген: «Біз, Үндістан, Токио Олимпиадасына толық дайынбыз. Олимпиада ойындарына қатысу үшін Токиоға кез келген уақытта баруға дайынбыз».

Содан кейін видеода Жапония премьер-министрінің сөйлеген сөзі көрсетілген. Субтитрлерде былай дейді: «Сонымен, мен Модиге Олимпиадаға келмесеңіздер, барлық медаль сіздердікі болатынына салтанатты түрде уәде беретінімді айтуға келдім. Олар сіздерге тегін жеткізіледі және біз сіздерді жеңімпаз деп атаймыз».

Посттағы кейбір Facebook қолданушылары пікірі олардың видеоны шын санайтынын көрсетеді.

«Модидің ниеті жақсы емес! Ол COVID-19-дың үнді нұсқасын бүкіл әлемге әдейі таратты», – деп пікір білдірді әлеуметтік желі қолданушыларының бірі.

Дәл осы видео қытайлық Weibo және Douyin (осында және мына жерде) әлеуметтік желілерінде осы сияқты мәлімдемемен жарияланды. Дегенмен роликтегі субтитрлер Шуги мен Модидің шын сөздеріне сай келмейді.

Ролик интернетте Үндістан билігінің COVID-19-ға қатысты жағдайға қарамастан Токиода өтетін Олимпиада ойындарына дайындық басталғаны туралы хабарламасынан кейін тарады. Токио Олимпиадасы ұйымдастырушылары коронавирустың әртүрлі штамының «айтарлықтай әсерін» көрген елдерден, оның ішінде Үндістаннан инфекция қаупін азайту үшін қосымша қорғаныс шараларын қабылдауды талап етіп отырғанын айтты.

Нарендра Модидің сөйлеген сөзі

Google-дегі суреттерді іздегенде Модидің сөйлеген сөзінің түпнұсқа видеосы Халықаралық стратегиялық зерттеулер институтының YouTube-каналына 2018 жылдың 1 маусымында жүктелгені анықталды.

Таралып жатқан видеодағы қытайша субтитрлер түпнұсқа видеодағы Модидің сөйлеген сөзімен сәйкес емес болып шықты.

Түпнұсқа роликте Моди Үндістанның Үнді-Тынық мұхит аймағындағы сыртқы саясатын талқылайды. Таралған фрагментке сәйкес келетін сегмент 24 минут 29 секундтан басталады.

Үндістан мен Қытай туралы Моди былай дейді: «Біз – әлемдегі ең көп қоныстанған екі мемлекетпіз және экономикасы жылдам дамып келе жатқан елдердің біріміз».

Ёсихиде Сугидің сөйлеген сөзі

Google-дағы суреттерді іздеген кезде Ёсихидэ Сугидің сөйлеген сөзі бар видеоны Жапонияның Fuji News Network жаңалықтар ұйымы 2020 жылдың 26 қазанында жариялағаны анықталды.

Ролик «Премьер-министр Сугидің Өкілдер палатасының пленар отырысына жасаған алғашқы саяси мәлімдемесі» деп аталды.

Таралған «жанжалды» роликтегі қытайша субтитрлер де Жапония премьер-министрінің түпнұсқа видеодағы сөзіне сай келмейді.

Негізі, саясаткер онда Жапония мен Қытай арасындағы қатынастарды талқылады. Жаңылыстыратын видео сегмент түпнұсқада 21 минут 39 секунд аралығындағы бөлікке сай келеді.

Премьердің сөзі былай аударылады: «Қытаймен тұрақты қарым-қатынас тек екі ел үшін ғана емес, аймақ пен халықаралық қоғамдастық үшін де өте маңызды… Жапония өз құқығын жоғары деңгейде талап ете береді және Қытаймен ортақ мәселелерді шешу үшін бірге жұмыс істейді».

Осылайша, AFP FactCheck агенттігі Үндістанға Токио Олимпиадасына қатыспауға уәде берсе, барлық медальмен марапаттау туралы ұсыныс жасалғаны жайында хабарламалар таппады.

Пандемияға байланысты бір жылға шегерілген Токиодағы Олимпиада ойындары 2021 жылдың 23 шілдесінде басталады.

Контекст

  • Осы айдың басында Twitter Үндістан үкіметі өтініші бойынша, Үндістандағы төрт аккаунтқа тыйым салынғанын жариялады. Көп ұзамай әлеуметтік желі Үндістан үкіметінің пандемия кезіндегі әрекетін сынаған 50-ден астам твитті жасырып қойды.
Factcheck.kz