Фейк | Зейнетақы мөлшері 1 шілдеден бастап 20%-ға артады

Әлеуметтік желіде зейнетақы мөлшрі өсетіні жайлы хабарлама тарап жатыр. Желідеге хабарламада зейнетақы биыл 1 шілдеден бастап 20 пайызға артатыны жазылған. Бұл ақпараттың қаншалықты шындыққа сәйкес келетінін тексеріп көрейік.

Фейк | Зейнетақы мөлшері 1 шілдеден бастап 20%-ға артады

2021 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы мөлшерін 2021 жылғы деңгеймен салыстырғанда 20%-ға дейін арттыру қамтамасыз етіледі. Бұл шара барлық зейнеткерді немесе 2 миллионнан астам адамды қамтиды.

Желіде тараған хабарлама

Үкім: Фейк

Желіде тараған хабарлама шындыққа сәйкес келмейді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпараттың фейк екенін хабарлады.

“Бұл – фейк. 1 шілдеден бастап зейнетақыны өсіру қарастырылмаған”, – деді ведомство өкілі.

Бұл ақпарат Өзбекстанның әлеуметтік желісінде тараған болуы тиіс. Желіде тараған хабарламаның Қазақстанға еш қатысы жоқ. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёвтің жарлығымен 1 шілдеден бастап зейнетақы мен жәрдемақының ең төменгі мөлшері 20%-ға артады.

Контекст

  • Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,1 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді.
  • 1 маусымдағы дерек бойынша, Қазақстанда зейнеткер саны 2 млн 243 мың адамды құрайды. Ал зейнетақы төлемінің орташа мөлшері – 100 019 теңге.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz