Фейк | CDC ПТР тесттен бас тартты

Әлеуметтік желіде және WhatsApp мессенджерінде «АҚШ ПТР тесттен бас тартты» деген ақпарат тарап жатыр. Блогер Асель Зои каналында CDC (АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталығы) осы жылдың соңына қарай ПТР тестті COVID-19 диагностикасының жарамды әдісі ретінде мойындамайтыны жазылған. Factcheck.kz бұл ақпараттың ақ-қарасын ажыратты.

Мәлімдеме: CDC ПТР тесттен бас тартты. Енді бұл АҚШ-қа ғана қатысты бола ма?

Ауруды бақылау және алдын алу орталығы (CDC) осы жылдың соңына дейін ПТР тестін COVID-19 диагнозының жарамды әдісі ретінде танудан бас тартты. CDC сайтындағы зертханалық ескертуде SARS-COV-2-ді анықтау үшін ПТР тесттерін шұғыл пайдалануға рұқсат беру туралы Азық-түлік және дәрі-дәрмектер басқармасына (FDA) өтінішін кері қайтаратынын хабарлады. 2020 жылдың ақпан айында берілген өтініш 2021 жылдың 31 желтоқсанында кері қайтарылады. Бұл CDC-тің ПТР тестті COVID-19 диагностикасының тиімді әдісі ретінде қолдануды мақұлдамайтындығын көрсетеді.

Желіде тараған жазба
Асель Зои атты қолданушының телеграм каналындағы жазба

Үкім: Фейк

АҚШ-тың Ауруды бақылау және алдын алу орталығының хабарламасы бұрмаланған және контекст толық көрсетілмеген. CDC өздері әзірлеген ПТР

тесттен бас тартқан. Ал ағылшын тіліндегі жалған ақпарат жазда тараған. Кейін Health Feedback желіде тараған ақпараттың фейк екен де жазды.

Фейк басқаша да тараған: «CDC 2020 жылдың ақпан айынан бастап ПТР тестті тоқтатады, себебі ол тұмауды COVID-19-дан ажырата алмайды». Бұған дейін де осыған ұқсас фейк тарағанын ескертеміз.

Толығырақ…

Биыл 21 шілдеде CDC бұдан былай ПТР тесттердің біріне FDA-дан төтенше жағдайда пайдалануға рұқсат сұрамайтынын хабарлады. Яғни зертханада бұдан былай пайдаланбайды. CDC-тің медициналық байланыс жөніндегі маманы Кристен Нордлунд Associated Press агенттігіне мұндай шешім не үшін қабылданғанын түсіндірді. Оның айтуынша, агенттік мұндай шешімді ПТР тесттерінің басқа нұсқалары болғасын қабылдаған. Яғни, ПТР тесттен толықтай бас тарту үшін емес, пандемия басталған кезде қолданған тест-жүйесінен заманауи ПТР тестке ауысу мақсатында жасалған.

CDC зертханаларға COVID-19-ды анықтайтын басқа ПТР тест әдісіне ауысуды ғана ұсынған. Сонымен қатар, «зертханаларды SARS-CoV-2 вирусы мен тұмауды анықтауды жеңілдететін мультиплексирленген әдісті қолдануға шақырады». CDC хабарламасы бұрмаланған және контекс толық жазылмаған. Бұл әдеттегідей фейк ақпараттың тарауына түрткі болатын кең таралған әдіс.

Төлепберген Маликов
Төлепберген Маликов. Байқоңыр қаласында туған. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.