Фейк | АҚШ-та вакцинациядан қайтыс болғандар 4 мыңға жуықтады

Пандемия басталғалы коронафейктер тоқтар емес. Осы жолы Fox News арнасындағы “Tucker Carlson Tonight” шоуының жүргізушісі Такер Карлсон “АҚШ-та желтоқсан айының соңы мен сәуір айының аралығында 3362 адам вакцинациядан қаза тапты” деп мәлімдеме жасады. Кейін бұл тақырып телеарналар мен халық арасында шуға айналды.

АҚШ-та Covid-19-ға қарсы вакцинациядан кейін желтоқсан айының аяғы мен сәуір айының аралығында 3362 адаим қаза тапты.

Такер Карлсон, жүргізуші

Үкім: Фейк

Такер Карлсон эфир барысында федералды үкіметтің әзірлеген VAERS (Vaccine Adverse Event Reporting System) вакцинацияның жанама әсерлері туралы мәліметтерін пайдаланды. Алайда, PolitiFact-ның мәліметі бойынша, VAERS есептері толыққанды тексерілмеген әрі себеп-салдар байланысы жазылмаған.

Сарапшылар да Такер Карлсонның пікірін жоққа шығарды. Олардың айтуынша, вакцинацияның өлімге әкеліп/әкелмейтінін анықтау үшін VAERS мәліметтер базасындағы жазбалар жеткіліксіз. Себебі VAERS жүйесі барлығына қолжетімді әрі оның есептері тексерілмейді.

Пенсильвания Университетіндегі Парельман медициналық мектебінің вакцинология кафедрасының меңгерушісі Пол Оффиттің айтуынша, VAERS деректер базасы ашық әрі оған кез келген вакцинация салдырған адам мейлі жақсы/жаман болсын өзінің бастан кешкендерін жазып отыра алады.

Сонымен қатар, CDC (Centers for disease control and prevension) орталығы да Карлсонның мәлімдемесін жоққа шығарды.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz