Фактчек | “Спутник V”-дің дельта-коронавирусқа қарсы тиімділігі 2,6 есе төмен

29 маусымда Гамалей  атындағы орталық директоры орынбасары Денис Логунов «Россия сегодня» ХАА баспасөз конференциясында сөз сөйледі. Ол вакцинаны жаңа нұсқа – дельта коронавирусынан қорғау туралы мәліметтер келтірді. Атап айтқанда, ол вакцина алған адамдардағы қан сарысуы белсенділігі коронавирустың «үнді штамына» келгенде 2,6 есе төмендейтінін айтты. Сол күні ТМД елдеріндегі бірқатар бұқаралық ақпарат құралы «Спутниктің» COVID-19-дың жаңа нұсқасына қарсы тиімділігі 2,6 есе төмен деген материалдар жариялады. Кейбір әлеуметтік медиа қолданушысы бұрынғы 90%-тен астам тиімділік шамамен 35% болып қалатынын дереу есептеді. Сонда вакцина әсер етпейді деген қорытындыға келуге болады.

Фактчек | "Спутник V"-дің дельта-коронавирусқа қарсы тиімділігі 2,6 есе төмен

«Газете.ру-дағы» материал скриншоты

Фактчек | "Спутник V"-дің дельта-коронавирусқа қарсы тиімділігі 2,6 есе төмен
«Ведомостях-тағы» материал скриншоты

Бұл қоғамда маңызы бар мәселе болғандықтан және «Спутник» қазақстандықтар еккізе алатын вакциналардың бірі болғандықтан осы ақпаратты тексерейік.

Үкім: Жалған

Денис Логунов 2,6 есе төмендеу туралы айтқаны рас. Бірақ ол вакцинаның профилактикалық тиімділігі туралы емес, сарысудың бейтараптандыратын белсенділігі жайлы, яғни организмнің патогеннен қорғанысын құрайтын бір ғана параметр туралы айтты. Басылымдар Логуновтың сөзін контекстен үзіп алып қана қоймай, оларды тұжырымның қарама-қарсы мағынасына ие бола алатындай етіп түсіндірді. Вакцина тиімділігі 2,6 есе төмендегені туралы хабар шындыққа жанаспайды. Сондықтан біз «манипуляция» емес, «жалған»  деген үкім шығардық.

Толығырақ…

Толық цитата былай болды: «Дельта штамына қатысты сарысу белсенділігінің аздап төмендегенін байқаймыз – бұл «Спутник V» үшін шамамен 2,6 есе». Бұдан әрі ғалым «шетелдік вакциналар» үшін мұндай құлдырау 3-тен 5-ке дейін екенін айтады. Кейінірек Гамалей атындағы орталық мұндай төмендеу болса да «Спутник» пен Pfizer тиімділігі 90%-тен жоғары болған күйі қала беретінін хабарлады.

Сарысудың бейтараптандыратын белсенділігі вакцинаның өзін қорғаумен тең емес. Ғалымдар оны вируспен өңделген жасуша культурасында тексереді, көбінесе SARS-CoV-2-ден S ақуызын алып жүретін қауіпті емес вирус – псевдовирус қолданылады. Ауырған немесе вакцина алған адамдардың қан сарысуы осы жасушаларға қосылады. Содан кейін антиденелердің вирусты бейтараптай алған-алмағаны тексеріледі.

Шектік мәнді анықтау үшін әр культураға барған сайын сұйылтылған сарысу тамызады. Дәрігер және ғылымды насихаттаушы Алексей Водовозов мұны қарапайым тілде былай түсіндірді: «Логунов сарысуды сұйылтуды біраз ерте тоқтату қажет болғанын, шартты түрде 1000 рет емес, 385 рет сұйылту керек болғанын айтты. Бұл керемет жұмыс істеді». Денис Логунов үнді нұсқасын бейтараптандыру үшін сарысуды бастапқыға қарағанда 2,6-ға аз сұйылту керек деген екен. Барлық дерлік ірі бұқаралық ақпарат құралы, соның ішінде ТАСС және BBC сияқты алпауыттар (мақалалардың архивтелген нұсқасын қараңыз) қате түсіндірді, бірақ содан кейін түзетулер енгізді. Дегенмен мұны бәрі бірдей істеген жоқ және енгізілген түзету туралы бәрі де айтпады, дезинформация одан әрі тарап жатыр.

Бұл ақпарат бұған дейін басқа мамандар мен қоғам қайраткерлері айтқанына қарсы келмейді. Мәскеу мэрі Сергей Собянин үнді нұсқасынан қорғану үшін 2 есе көп антидене керек екенін мәлімдеді. Ал инфекционист дәрігер Евгений Тимаков одан да үстемелеп, қорғаныс нормадан 5 есе көп болуы керек екенін айтты.

Басқа вектор және м-РНҚ-вакциналарының «дельтаға» қарсы белсенділік туралы толық материалды оқуды ұсынамыз. Еске салайық, «британ штамы» немесе «үнді штамы» деген тіркес аса дұрыс емес. «Дельта» басқалары сияқты нұсқа саналады, SARS-Cov-2 коронавирусының жаңа штамы емес. Жаңа мутация қалай қаралатыны туралы мына жерден білуге болады.

Factcheck.kz