Фактчек | Смирнова Қазақстандағы мектепке дейінгі білім беру туралы

5 ақпандағы пленарлық отырыста ҚР мәжіліс депутаты Ирина Смирнова мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру саласында жан басына қаржыландырудың жеткіліксіздігі, билік өкілдерінің жекеменшік балабақшалар алдындағы міндетін орындамауы («кейбір аймақтарда он миллиард долларға дейін»), қаржы бөлінгендегі болуы мүмкін жемқорлық жүйесі, сонымен қатар, республикада мектепке дейінгі инклюзивті білім беру кенжелеп қалғанына қатысты премьер-министрдің атына сауал жолдады.

Бірақ алдымен ҚББ жетістіктері туралы айтып, былай деп мәлімдеді: «… «Балапан» бағдарламасы мен жан басына қаржыландыру нәтижесінде 3-6 жас аралығындағы 90%-дан астам балалар балабақшаға барды. 2010 жылдан бері мектепке дейінгі жекеменшік ұйымдар саны 15 есеге артты. Жалпы ашылған ұйымдардың ішінде 93%-ы жаңа мекемелер».

Сонымен, тексереміз. Бірақ әуелі оқырмандарды жан басына қаржыландыру мемлекеттік тапсырыс негізінде жүзеге асатынын ескертеміз. Жекеменшік балабақшалар жергілікті атқарушы билік бекіткен нормаларға сәйкес қаржыландырылады. Мәселен, 2019 жылы Атырау қаласында бюджеттен ай сайын әр балаға 28 060,86 теңге көлемінде төлем қарастырылған.

«Балапан» бағдарламасы мен жан басына қаржыландыру нәтижесінде 3 – 6 жас аралығындағы 90%-дан астам балалар балабақшаға барады.

Ирина Смирнова

Үкім: Шындық

Мектепке дейінгі білім беру туралы бұрын да жазған болатынбыз. ҚР Білім және ғылым министрлігі 2019 жылғы 24 шілдедегі құжатында балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту төмендегідей:
— 1-3 жас — 31,7%,
— 3-6 жас — 95,2%,
— 1-6 жас — 77,1%.

2010 жылдан бері мектепке дейінгі жекеменшік ұйымдар саны 15 есеге артты.

Ирина Смирнова

Үкім: Үкім жоқ

ҚР БҒМ сол құжатында (2019 жылғы) республикада 10 314 мектепке дейінгі білім беру мекемесі бар екені және оның 3749-ы жекеменшікке тиесілі екені жазылған. ҚР-дағы білім беру жүйесінің жағдайы мен дамуы туралы ұлттық баяндамада (2016 ж.) жекеменшік балабақшалардың санына қатысты жылдар бойынша мынадай ақпарат берілген:

Фактчек | Смирнова Қазақстандағы мектепке дейінгі білім беру туралы

Көріп отырғанымыздай, 2010 жылы олардың саны 347 еді, яғни 8 жылда (2018 жылғы мәлімет) олардың саны 10 еседен сәл көбірек артқан. 2019 жылға ресми қорытынды мәлімет болмағандықтан біз үкім шығара алмаймыз.

Жалпы ашылған ұйымдардың ішінде 93%-ы жаңа мекемелер

Ирина Смирнова

Үкім: Шындық

Техникалық қателік те бар. Егер ҚР-да 2018 жылы 63,4 мың орындық 788 мектепке дейінгі мекеме, оның ішінде 718 жекеменшік және 13-і МЖӘ есебінен ашылғанын ескерсек, жекеменшік балабақшалардың үлесі 91%-дан сәл асады.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz