Фактчек: Перуашев пен Смирнова «Бастау бизнес» және ҚР банк секторы туралы

13 қарашада мәжілістің пленарлық отырысында депутат Азат Перуашев пен Ирина Смирнова депутаттық сауалдарында «Бастау» мемелекеттік бағдарламасының тиімділігін айтып, банк секторындағы жағдайға баға берді.

Жыл сайын 6 млрд теңге бөлінетін «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті оқытуды азайту ұсынылды. Өйткені оқытудан кейін бағдарлама қатысушыларының төрттен бір бөлігі ғана бизнеске арналған несиені алады.

Азат Перуашев

Үкім: Шындық

Атамекен ҰКП сайтында «Бастау» жобасының нәтижелері көрсетілген, 4 жылдағы оқыту қорытындысы бойынша жобадан 74 397 адам өтіп, олардың 8 553-і өз кәсіптерін ашты, 3816-ы кәсібін кеңейтті, 3871-і қаржыландырылды. Нәтижесінде 74 397 бағдарлама түлектерінің 3871-і, яғни 5%-ы қаржыландыруға ие болған. Ол төрттен бірінен аз.

Standart&Poor’s рейтинг агенттігінің жаңа есебіне сәйкес банк секторының сақтандыру тәуекелін бағалау соңғы жылы нашарлап кетті, 10 балл ең жоғарғы тәуекелге сәйкес келетін болса, банк секторыныкі 9 балды құрады.

Ирина Смирнова

Үкім: Шындық

Standard and Poor’s халықаралық рейтинг агенттігің 2019 жылдың 8 наурызындағы есебінде Қазақстанда тәуелсіз несиелеу рейтингін бағалауға қатысты ҚР-ның банк секторында маңызды мәселелер бар екені айтылған:

«Банк секторындағы жұмыстарды жақсартуға биліктің көп күш салып жатқанына қарамастан, біз (S&P) аталмыш секторды (Қазақстандағы) әлсіз сектор ретінде қарастыра береміз. Несиелеу қарқыны 2019 жылы қайта тоқтап қалуы мүмкін. Сол арқылы экономикадағы 2015 жылы басталған әлсіз қаржылық делдалдық кезеңі ұзарады. Бұл елде несиеге қабілетті салымшылардың болмауымен байланысты. 1-ден 10-ға дейінгі шкаласы бар банк саласында елдер тәуекелі бойынша Қазақстанды 9-топқа жатқызамыз. 10 – ең әлсізі. Сонымен қатар, біз банк секторын әлі үлкен несиелік мәселелері бар сала деп бағалаймыз (жалпы несие мөлшерінің 20-25%-ы).»

Журналист, редактор, менеджер, журналистика саласындағы бірнеше кітаптың авторласы. Factcheck Kazakhstan жобасының бас редакторы

Factcheck.kz