Фактчек | Мырзакматов Жээнбеков туралы не айтты?

Әлеуметтік желіде Ош қаласының бұрынғы мэрі Мелис Мырзакматовтың сөздерінің үзіндісі таралып жатыр. Осыдан кейін қазақстандықтар Қырғызстандағы жағдай “жершілдер мен кландардың, рушылдардың” қақтығысы деп жазуда. Шынында солай ма? “Сооронбай ака жасаған ісі үшін емес, Сооронбай аканы оңтүстіктен болғаны үшін қуып жатыр” деген қаншалықты рас? Тексереміз.

Үкім: Арандату

Factcheck.kg редакциясы Мырзакматовтың мәлімдемесін тексере келе, оны желі қолданушылары мен БАҚ бұрмалағанын және контексттен алғанын анықтады. Шынында экс-мер басқаша айтқан.

“2010 жылдан кейінгідей, лауазымдар мен ресурстарды басып алуға арналған топтар бар. Бір сағаттан кейін бір партия біреуді қояды, ал бір сағаттан кейін басқа топ келіп, өздерін қояды. Олар адамдар туралы ойламайды. Олар ресурсқа, ақшаға және лауазым үшін күреседі. Мен кейбір шіріген топтардың идеологиясын көремін. Олар Сооронбай аканы жаман жұмыс істегені үшін емес, оңтүстіктен болғаны үшін қуып отыр… Дәл осылай ахуал беделін түсіруге тырысатын субъектілер бар. Бішкек және Шу алқабы жағынан оларды ығыстырып жатыр. Біз де ” Әндіжан” және “Арқалық” деп бөлетіндерді ығыстыруымыз керек.

Мелис Мырзакматов
Фактчек | Мырзакматов Жээнбеков туралы не айтты?
Сурет: Азаттық радиосының қырғыз қызметі. 7 қазанда Ош қаласының тұрғындары алдында сөйлеп жатқан Мелис Мырзакматов.

Мырзакматовтың сөзін негізге ала отырып, Vesti.kg порталы манипуляция жасады. Сайт контекстен алынған сөйлемді тақырыпқа шығарып, арандатуға жол берді.

Қорытынды

Мелис Мырзакматовтың Қырғызстанды оңтүстік пен солтүстікке бөлуі тек видеодан кесілген үзінді ғана. Мырзакматовтың сөзі контекстен алынған. Сондықтан да манипуляция және арандату деген үкім шығардық. Шынында, Мырзакматов елді бөлмеу жайлы және шіріген топтарға қарсы наразылығын айтқан.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz