Фактчек | “Мектеп оқушыларын вакцина салу үшін “әдейі” офлайн оқытпақшы”

Әлеуметтік желілерде тағы да бір қауесет тарап тарап жатыр. Бұл жолы күзде мектепке баратын оқушылар жайында. “Мемлекет балаларға жаппай вакцина салу үшін “әдейі” сабақты офлайн режимге көшірді, вакцина салып болған соң ІІ тоқсанда қайта онлайнға көшіреді” – деген ақпарат WhatsApp-та шарлап жүр. Factcheck.kz кезекті таралманы (рассылка) тексеріп көрді.

Қаскелең перзентханасында босанған 60 адам басқа ауруханаға ауыстырылды. Ал перзентхананы балаларға арналған уақытша диспансер жасап жатыр. Себебі қыркүйекте балалар көп ауырады және мұны мемлекет жасап отыр. Жертөле балаларға арналған жаңа төсектерге толы.

Орысшадан аударылды

Үкім: Фейк

Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Қарасай ауданындағы орталық ауруханада жүкті және босанған әйелдер мен балаларға арналған стационардан бөлек коронавирусқа қарсы науқастарды емдеуге арналған бірінші және екінші деңгейдегі бөлімшелер де бар. Яғни бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Құрметті ата-аналар! Сіздерге өте үлкен просьба болып тұр. Биыл, 2021 жылы қыркүйекте мектепке балаларыңызды жібермеңіздер. Мейлінше мектепке жібермеңіздер. Үкіметтің балаларды мектепке жинаудағы мақсаты – балаларды мектепке жинап, келе жатқан Pfizer вакцинасымен вакцинировать етіп, сабақ мейлінше І тоқсанда ғана болады, яғни офлайн болады. Сол уақытты олар пайдаланып, балалардың барлығын мектеп ішінде вакцинациялау жасап, сәйкесінше қайтыс болу мүмкіндігі бар. Егер қайтыс болу жағдайы болса олар ауруды ушықтырып, балалар жаңағы мектепке жиналғаны үшін әрі офлайн оқығаны үшін олар бір біріне ковид жұқтырды деп қайтадан балаларды онлайн форматқа ауыстырады. Бірақ сол І тоқсан кезінде балаларды вакцинировать етіп, вакцинадан қайтыс болған балаларды ковидтан қайтыс болды деп статистиканы көтереді. Сондықтан құрметті ата-аналар, менің сіздерге айтарым биыл балаларды мектепке жібермеңізер!

WhatsApp-ғы аудио таралма

Үкім: Фейк

Ақпаратты бір-бірден талдап көрейік. Біріншіден, аудиода “үкімет балаларды вакцина салу үшін жинап жатыр, содан кейін ІІ тоқсанда қайтадан онлайн режимге ауысады” дейді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми мәліметі бойынша, Pfizer вакцинасы Қазақстанға 2021 жылдың IV тоқсанында жеткізіледі. Жеткізу процесі тек қазанда басталатынын ескерсек, оны келе сала жаппай қолданысқа енгізбесі анық. Вакцина әуелі тіркеуден өтіп, одан кейін өңірлерге жеткізілуі керек. Бұған сәйкесінше біраз уақыт кетеді. Сондықтан да біз әлі Қазақстанға келмеген вакцинаны жапатармағай І тоқсаннан бастап “салады” деп айта алмаймыз.

Екіншіден, ҚР санитар-эпидемиологиялық комитетінің мәліметі бойынша, Pfizer вакцинасын 12-18 жас аралығындағы азаматтарға қолдануды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Айжан Есмағанбетова балаларға вакцина салу ата-аналарының, қамқоршыларының және ресми өкілдерінің рұқсатымен ғана жүргілілетінін атап өтті.

18:23-тен бастап қараңыз

Контекст

  • ҚР Денсаулық сақтау министрлігі шілде айының ортасында “Pfizer” компаниясының вакцинасын жеткізу туралы келісімге келген болатын.
  • Канада әлемде алғаш рет 5 мамырда Pfizer вакцинасын 12-15 жастағы балаларға салуға рұқсат берді.
  • Араға 5 күн салып АҚШ азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасы жөніндегі басқармасы (FDA) 10 мамыр күні 12-15 жастағы балаларға Pfizer вакцинасын салуға рұқсат берген берді.
  • Көршілес Ресейде 12-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер арасында ерікті түрде Спутник V вакцинасын салу арқылы клиникалық зерттеу шілде айының басында басталған болатын.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz