Фактчек | Қоңыров Қазақстанда дизель өндірісі мен тапшылығы туралы

6 қазанда Мәжілістің кезекті пленар отырысында Қазақстан халық партиясы депутаты Айқын Қоңыров премьер-министрдің орынбасары Роман Склярға жолдаған сауалында Қазақстандағы бензин мен дизель отыны тапшылығы және бағасының өсуі туралы өзекті мәселені айтты.

Атап айтқанда, елде байқалған дизель отынының кірісіне байланысты Қоңыров елдің отынмен қамтамасыз ету жүйесін реформалау қажет екені туралы айтты. «Мемлекет мұнай өнімдерін өндірудің барлық саласын басқара алғанымен, ол сұраныстың өзгеруін болжай отырып, отын балансын уақытында басқара алмайды», – деді спикер, «отынның жетпеуі мен бағасының өсуіне себеп – көршілес елдерге отандық арзан отынның тасылып жатқаны» екенін де айтып өтті. Депутаттың кейбір мәлімдемесін тексерейік.

Мәлімдеме: 3 жыл бұрын мұнай өңдеу зауыттарының қымбатқа түскен модернизациясы аяқталды… Бензин өндіру екі есе артты, дизель отыны өндірісі 1,3 есе өсті, бұл ішкі нарықтың қажеттігін толығымен жабуға тиіс еді. Ресми деректер бойынша, мұнай өнімдері ресурстары өз өндірісі есебінен қалыптасады. Дегенмен бірнеше күн бұрын энергетика вице-министрі Ресейден 100 мың тоннаға жуық дизель отынын импорттау керек екенін айтты…

Айқын Қоңыров

Үкім: Жартылай шындық

Өздеріңіз білетіндей, үш жүйе құрушы отандық мұнай өңдеу зауытын ауқымды модернизациялау 2018 жылы аяқталды. Бұл туралы және реконструкция құны жайлы (6,2 млрд., басқа дерек бойынша, 6,3 млрд. АҚШ доллары) баспасөзде кеңінен жазылды. Көпшілікке жарияланған негізгі мақсат – шын мәнінде, ішкі нарықты отандық жанар-жағармаймен қамтамасыз ету болды. Жұмыс 2011 жылы басталды. Егер 2010 жылғы «модернизацияға дейін» елімізде, Ұлттық статистика бюросы мәліметі бойынша, 2 925,9 мың тонна бензин (авиацияны қосқанда) өндірілсе, 2020 жылдың соңына қарай бұл 4 487,8 мың тонна болды.

Көріп отырғаныңыздай, бензин өндірісі, дәлірек айтқанда, 2 емес, 1,5 есе өсті. Дизель отынын өндіру қалай өзгергенін көрейік: 4 435,7 мың тонна (2010 ж.), 4674,1 мың тонна (2020 ж.) – 1,3 есе өсу туралы айтудың да қажеті жоқ. Шындығында, 2010 мен 2020 жылдарды салыстыратын болсақ, дизель отынын өндіру тек 1,05 есе өсті. Осыған байланысты, 2013 жылы дизель отынын өндіру 5 140,5 мың тоннаға жетіп, модернизация қарқынды жүріп жатқанда жағдай әлдеқайда жақсы болып еді.

Фактчек | Қоңыров Қазақстанда дизель өндірісі мен тапшылығы туралы
ҚР АСПР Ұлттық статистика бюросы мәліметі бойынша

2020 жылға арналған көрсеткіштер бензин өндіру көлемі 2359,2 мың тонна болғанын, 2005 жылдың көрсеткіштерімен ғана салыстырғанда шамамен 2 есе өскенін, бір жыл бұрын – 1927,5 мың тонна болғанын көріп отырмыз.

Фактчек | Қоңыров Қазақстанда дизель өндірісі мен тапшылығы туралы
ҚР АСПР Ұлттық статистика бюросы мәліметі бойынша

2020 жылы дизель отынын өндіру көлемі тек 2005 жылдағы көлемге (3 704,7 мың тонна) қатысты 1,3 есе өсті.

Баға, сұраныс және жанармай мәселесі

Шынында да, 29 қыркүйекте Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде энергетика вице-министрі Әсет Мағауов Ресейден Қазақстанға 100 мың тоннаға жуық дизель отынын импорттау керек екенін айтты. Оның айтуынша, тұтыну отандық мұнай өңдеу зауыттарындағы өндіріс көлемінен асып түсті, сондықтан жеткілікті қор жинау мүмкін болмады. Сонымен қатар, министр Павлодар мұнай өңдеу зауытының күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты тоқтап қалып, оның отын балансының сақталмауының бір себебі болғанын айтты. Вице -министр шекараны жабу арқылы Қазақстан ішкі жанар-жағармай нарығын гипотетикалық түрде 100% қамтамасыз ете алатынын айтты.

Қазір баға өте төмен, біз қазақстандықтарды ғана емес, көрші елдердің шекаралас облыстарын да қамтамасыз етіп отырмыз. Транзиттік көліктер Қазақстанға кіреді. Бұл ішкі сұранысқа әсер етеді. Біздің есеп бойынша, сұраныс айына 50-60 мың тоннаға жуық өсті. Біз дизель отынын қанша өндірсек те, сұраныс артып келеді (Қазақстанда дизель отынының өндірісін көрсететін статистика мен графиктерді қараңыз, олар көлемнің айтарлықтай өсуін көрсетпейді – авт.ескертуі). Мамыр-қыркүйекте дизель отынына сұраныс 2019 жылмен салыстырғанда 260 мың тоннаға, ал былтырмен салыстырғанда 480 мың тоннаға артты. Тамызда 519 мың тонна дизель отыны тұтынылды. Бұл тарихта болған емес. Қор азайып жатыр. Дизель отынының экспорты наурызда, бензиндікі қаңтарда тоқтатылды,

– деді вице -министр.

12 қазанда Мағауов алдыңғы екі айда дизель отынының нормадан тыс көп тұтынылғанын тағы да мәлімдеді. Бұл жалпы отын түрінің тапшылығын көрсететін сияқты.

Жанар-жағармай бағасының үнемі өсуін айтып өту артық болмайды. Қаңтардың басынан тамызға дейін АИ-92 бағасы орта есеппен 149,7 теңгеден 172 теңгеге дейін өсті. 2021 жылдың басынан тамызға дейін дизель отынының орташа бағасы 8,6%-ға өсті – литрі 183,3 теңгеден 199 теңгеге дейін, – деп хабарлайды Kolesa.kz сайты.

На сколько подорожало топливо с начала 2021 года

Бұл материалды жазып жатқанда АИ-92 бағасы 149 теңгеден 185 теңгеге дейін, дизель отыны 191-295 теңге (жазғы), 212-ден 370 теңгеге дейін (қысқы) болды.

Қорытынды

  • Цифрлар дәлсіздігіне қарамастан, жалпы алғанда, депутат дұрыс айтады: жанар-жағармаймен қамтамасыз етуге қатысты жүйелік проблемалар бар. Жауапты органдар сұранысты болжай алмады.
  • Статистика мұнай өңдеу зауыттары модернизацияланғанына және шенеуніктердің уәдесіне қарамастан, өткен жылдары Қазақстанда дизель отыны өндірісінің айтарлықтай өсімі болмағанын көрсетіп отыр.
  • Тапшылықтың болуының бір себебін, шынында да, бұрын энергетика министрінің орынбасары Әсет Мағауов айтқан еді: көрші елдерге қарағанда жанар-жағармай бағасының төмендеуі аясында елімізде жанармайға сұраныстың күтпеген өсуі байқалды.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz