Фактчек | Қаратаев жайылым жерлер туралы

17 наурызда Мәжілістің кезекті жалпы отырысында депутат Фахриддин Қаратаев премьер-министрдің орынбасары Роман Склярға жолдаған сауалында Қазақстанның барлық аймағында дерлік халық мекендейтін аумақта жайылым жерлері жетіспейтінін мәлімдеді. Мұнда әңгіме халыққа тиесілі мал жайылатын жалпы жер туралы (яғни жеке меншік емес) болып тұрғанын бірден айта кетейік. Жалпы елдің үй шаруашылығында ауылшаруашылық кәсіпорындары мен шаруа қожалықтарына қарағанда мал көбірек. Мәжілісменнің мәлімдемесі қазақстандық контекст тұрғысынан қарағанда маңызды және әлеуметтік мәні бар болуы да осыған байланысты. Оның үстіне, бұл мәселе БАҚ-та жиі талқыланады.

Мәлімдеме: Комиссия дерегі бойынша (Nur Otan партиялық бақылау комитеті комиссиясы – ред.), барлық аймақтағы елдімекендерде жайылым жерлер тапшылығы байқалады. Мысалы, Түркістан облысында жайылым жетіспеушілігі өте жоғары – 8476,9 мың га. Одан кейін Алматы облысы – 4 576,9 мың га, Қызылорда облысы – 3 697,8 мың га және Жамбыл облысы – 3 329,7 мың га …

Фахриддин Қаратаев

Үкім: Жартылай шындық

Жағдай депутат айтқаннан да сорақы. Бірақ тенденция дұрыс сипатталған. Шынында да, жалпы жайылымдар жетіспеушілігі өте үлкен. Ал енді толығырақ тарқатайық.

Бұл облыстар халқына қажет жайылым туралы сұраққа жауап беру үшін әуелі елдімекендердің жер алқабы құрамында қанша жайылым бар екенін көрейік, содан кейін жайылым аумағына жүктеме нормаларымен танысып, жеке аулалардағы мал санын анықтаймыз.

Халық пайдалана алатын жайылымдар алаңы

ҚР Жер ресурстарының жай-күйі мен пайдаланылуына қатысты жиынтық деректер бар ауыл шаруашылығы министрлігінің құжаты ашық дереккөзде тұр. Онда облыстар бөлінісінде елдімекендердің жайылым алаңдары туралы ақпарат жинақталған.

Фактчек | Қаратаев жайылым жерлер туралы
1-кесте

Көріп тұрғанымыздай, Түркістан облысы – 610,6 га, Алматы облысы – 548,2 мың га, Қызылорда облысы – 617 мың га, Жамбыл облысы – 369,2 мың га.

Заң бойынша, ауылшаруашылығындағы мал басына берілетін жайылым алаңы нормасы – 0,3-тен 46,9 гектар арасында. Норма ауылшаруашылық жануарлары түріне, табиғи-экологиялық жағдайларға, жайылым түріне (құрғақ дала, таудағы түрлі шөптер) және оның сапасына (жайылымы нашарлаған немесе өзгермеген) байланысты.

1-ескертпе: 2019 жылғы желтоқсанда Мәжіліс депутаты Жексенбай Дүйсебаев осындай пікірталасты Асқар Маминнің атына жолдаған ресми сауалында көтерді. Премьер-министр бұған былай деп жауап берді: “… Елдімекендердегі жайылым жерлері ауданы – 20,9 миллион гектар. Жүктеме нормалары бойынша, жеке аулаларда 6,7 миллион шартты бас ауыл шаруашылығы жануарлары болған жағдайда қосымша 32,4 миллион гектар талап етіледі. Елдімекендер үшін жайылым жерлері тапшылығы Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарынан басқа барлық облыста байқалады”. Осылайша, премьер-министр өз есебінде бір ауыл шаруашылығы жануарына 7,955 га болатын белгілі бір орташа жүктеме нормасын қолданды (қолда бар 20,9 миллион га + талап етілетін 32,4 миллион га қосып, 6,7 миллион мал басына бөлеміз).

2-ескертпе: Премьер-министрдің нормасын бір шартты ауыл шаруашылығы малына 8 га дейін дөңгелектейміз. Біздің мақсатымыз – жағдайды түбегейлі анықтау. Оған қоса, бұдан арғы есептеулерде біз 2020 жылға арналған мал басына және жалпы пайдаланудағы жайылым алаңына қатысты мәліметтерді Ауылшаруашылығы министрлігінің 2019 жылғы қарашадағы ақпаратына сүйене отырып пайдаланамыз (1-кесте).

Үй шаруашылығындағы ауыл шаруашылығы жануарлары саны

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы жариялаған құжаттан білуге болады.

3-ескертпе: Ұлттық статистика бюросы ұсынған ақпарат бойынша, жоғарыда аталған аймақтар тұрғындардағы мал басы – 8,8 миллион. Сондықтан А.Маминнің жоғарыда келтірген жауабында депутатқа бүкіл ел бойынша шартты 6,7 миллион бас туралы айтылғаны түсініксіз, өйткені 2019 жылы үй шаруашылығындағы мал саны 16,24 миллион болды. Мұнда шошқа саны есепке алынбаған, өйткені олар жайылымға мұқтаж емес. Осы кезеңде ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, ауыл кәсіпкерлерінің және шаруа қожалықтарының меншігінде 12,5 миллион болды. Айтпақшы, 2020 жылы16,267 миллион ​​және тиісінше 13,4 миллион. Дегенмен қазір бұл маңызды емес. Есептеуге оралайық.

Осылайша, премьер-министрдің жүктеме нормасын негізге алсақ, онда бұл дегеніміз мал басына, шамамен 8 га болса, онда Түркістандағы сиырларға, жылқыларға және олармен бірге жаю үшін жалпы пайдалануға 34,24 миллион га жайылым қажет. Алайда, қазір бары – 610,6 мың га ғана (1-кестені қараңыз), осылайша, жайылым тапшылығы, депутат айтқандай, 8,5 миллион га емес, 33,6 миллион га.

Алматы облысында емін-еркін жайылып жүрген ауыл шаруашылығы жануарларына 4,6 миллион га емес, 17,5 миллион га қажет, Қызылорда облысында тапшылық – 3,7 миллион га емес, 4,9 миллион га, Жамбыл облысында елдімекендер үшін жайылым тапшылығы – 3,3 миллион га емес, 12,5 миллион га.

Қорытынды

  • Шынында, елдімекендер үшін жайылым жерлер жетіспеушілігі өте жоғары.
  • Олардың жетіспеушілік деңгейі мәжілісте мәлімделгеннен әлдеқайда көп.
  • Ашық дереккөздерге сүйене отырып, Қазақстанның мал жаюға арналған бос жерлердің ең азы ең тығыз қоныстанған оңтүстік облыстарда екені белгілі болды. Бұл ретте ауыл шаруашылығы өндірушілері мен басқа да ауыл кәсіпкерлеріне қарағанда халық меншігінде мал басы айтарлықтай көп.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz