Фактчек | Депутат Бейсенбаев жатақхана жетіспеушілігі туралы

8 қыркүйекте өткен мәжілістің жалпы отырысында депутат Елнұр Бейсенбаев студенттерге арналған жатақхана мәселесін көтеріп, бірнеше дерек келтірді. Factcheck.kz сайты Бейсенбаевтың айтқанын тексерді.

Депутат сөзі (тайм-код: 35:05)

Мәлімдеме: Елімізде 1 млннан астам студент білім алады. Оның тек 16%-ы ғана жатақханамен қамтамасыз етілген. Қазірдің өзінде жатақхана жетіспеушілігі 80 мың орынды құрап отыр.

Елнұр Бейсенбаев

Үкім: Үкім жоқ

Ұлттық статистика бюросының дерегіне сай, 2020/2021 оқу жылының басында елімізде колледждер мен Жоғарғы оқу орындарында (ЖОО) 1 054 096 студент болған. Депутаттың осы сөзіне қарағанда, ол колледж бен ЖОО-ға ортақ статистиканы меңзеген. Алайда ашық дереккөзде колледж студенттеріне арналған жатақхана туралы дерек жоқтың қасы.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы статистикасына сай, елімізде 63 685 студент жатақханаға зәру, алайда ұйым дерегінде ЖОО студенттерінің ортақ статистикасы не бөлек дерегі екенін айтпаған.

Ұлттық статистика бюросының Талдау жүйесі жиі жаңармайтынын, оның үстіне колледж студенттеріне қатысты егжей-тегжей дерек жоқтығына байланысты, сіздерге келесідей ақпарат ұсына аламыз (еледгі карантин шараларын ескеріп, 2020 жылғы қазанның дерегін есепке алмай): 2019 жылы елімізде 604 345 ЖОО студенті болған, оның 274 078-і басқа қаладан келген, соның ішінде 113 550-і басқа қаладан келгені және жатақханаға мұқтажы (41,43%); басқа қаладан келген, жатақханада тұратын студент саны — 81 190 (29,62%).

Мәлімдеме: Әсіресе студенттер жатақханасының ең үлкен жетіспеушілігі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына тиесілі. Мысалы, Алматы қаласында 170 мыңға жуық студент білім алса, оның тек 31 мыңы ғана жатақханамен қамтамасыз етілген. Дәл қазірдің өзінде Алматы қаласы бойынша жатақхана жетіспеушілігі 35 мың орынды құрап отыр.

Елнұр Бейсенбаев

Үкім: Жартылай шындық

Шынымен-ақ Алматы мен астанада студент саны мен жатақхана жетіспеушілігі басқа өңірлерге қарағанда қаттырақ байқалады. Ұлттық бюроның Талдау жүйесіндегі дерекке сай, былтыр Алматы ЖОО-ларында 163 357 студент болған. Оның 20 мыңнан астамы жатақханаға мұқтаж.

2019 жылы Алматыда 28 361 студент жатақханада тұрған.

Мәлімдеме: Бірақ соңғы 3 жылдың өзінде [Алматыда-авт.] 1 600 орынға жуық тек 6 студенттік жатақхана бой көтерді.

Елнұр Бейсенбаев

Үкім: Жалған

Ұлттық бюроның Талдау жүйесіндегі ақпаратқа сай, Алматыда соңғы үш жылда студенттерге арналған тек 2 жатақхана (жаңадан салынған ғимарат) бой көтерген. Депутат пайдалануға берілген студенттерген арналған жатақхана туралы айтықсы келген болуы мүмкін: Алматыда соңғы үш жылдағы оның саны — 5 объект.

Фактчекер-журналист. Factcheck.kz сайтының шығарушы редакторы.

Factcheck.kz