Facebook компаниясы атауын өзгертті

Facebook компаниясының негізін қалаушы Марк Цукерберг компанияның аты Meta деп өзгертілгенін айтты. Алайда әлеуметтік желі атауы сол күйінде қалады. Бұл туралы DW сайты хабарлады.

Компанияның басқа қосымшалары, яғни, Instagram, Messenger және WhatsApp атауы сол күйінде қалады.

Қазір біздің бренд бір өніммен тығыз байланысты болғаны сонша, біздің жасаған барлық еңбегімізді көрсете алмайды. Мен компанияны метағаламшарды әзірлеуші ретінде көргім келеді.

Марк Цукерберг.

Цукербергтің сөзінше, жаңа брендтің басты мақсаты – метағаламшарды құру. Сонымен қатар, презентацияда компанияның логотипі көк лента түрінде болатыны хабарланды.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz