Депутат Закиева Қазақстандағы жасөспірімдер суициді туралы не деді?

15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің кезекті пленар отырысында Nur Otan партиясының депутаты Динара Закиева Қазақстанда жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауы тақырыбын көтерді. Оның айтуынша, 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында жас азаматтар арасында суицидтің жүзден астам оқиғасы тіркелген.

Оның сөзі 00:11:22 секундта басталады.

Factcheck.kz редакциясы депутат ұсынған ақпаратты тексерді және сізді проблемаға қатысты ең толық ақпаратпен танысуға шақырады.

Мәлімдеме: Қазақстандық қоғамның проблемасы – балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид. Статистика бойынша, 2021 жылдың 6 айында біздің елде 105 суицид оқиғасы мен 193 суицид жасауға талпыныс тіркелген. Алматы, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында мұндай жағдайлардың өскені байқалады

Динара Закиева, депутат

Үкім: Шындық және Үкім жоқ

Шындығы мынау: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметі бойынша, 2021 жылдың 6 айында Қазақстанда кәмелетке толмағандар арасында суицидтің 105 оқиғасы (60 еркек пен 45 әйел) болған. Сонымен бірге, кәмелетке толмағандар арасында 193 суицид жасауға талпыныс тіркелді (18 жасқа дейінгі ұлдар арасында 34 жағдай, қыздар арасында 159 оқиға).

Үкімсіз қалдыру себебі мынау: өкінішке қарай, Қазақстанның ресми статистикасында суицид саны туралы мәліметтер жоқ (жасөспірімдер арасындағы да, жалпы азаматтар арасында да). Дегенмен өз-өзіне қол жұмсау бұрыннан-ақ елдегі жастар өлімінің басты себептерінің бірі болып саналады.

Қазақстандағы бала суициді: толығырақ

Бұрын материалдардың бірінде біз суицид туралы статистиканы жинау әлемде де, Қазақстанда да қиындықсыз өтпейтінін айтқан едік. Деректерді жинаудың қиындығы – барлық мемлекет оны сапалы деңгейде жасамайды. Мәселе жауапты органдардың жұмысында ғана емес, әртүрлі қоғамның мәдени ерекшеліктерінде де жатыр.

Суицид тақырыбы кейбір елде тыйым салынған тақырып саналады, онда суицидтің болғаны айтылмайды немесе байқаусызда алынған жарақат ретінде тіркелуі мүмкін. Кейбір елде ақпарат мүлдем жоқ. Мамандар суицид тақырыбы, оның ішінде Қазақстанда, біршама стигматизацияланғанын, ал психологқа баруды қоғамның белгілі бір бөлігі қате нәрсе деп айыптайтынын және адамның өзін психикалық науқас деп тануымен теңестіретінін айтады.

Нәтижесінде, деректерде әлемдегі суицид саны азайтылып көрсетілуі мүмкін деп есептеледі, ал қолданыстағы статистика көбінесе болжалды жағдайды көрсетеді.

Мысалы, Қазақстанда суицид туралы статистиканы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (Комитет деректер базасындағы цифрлдар тек 2015 жылдан бастап бар) мен Ұлттық статистика бюросы «Қазақстанның еркектері мен әйелдері» жобасы аясында жинайды. Дегенмен алдыңғы кезеңдерде жеткіліксіз деректер жарияланды, ал жүйелі түрде дерек жинау әдістемесі 2010 жылы-ақ сынға ұшырады.

Соған қарамастан, халықаралық ұйымдар, ДДСҰ мен ғылыми-зерттеу институттары әлемдегі суицид мәселесінің кем дегенде болжалды дерегін алу үшін қолда бар мәліметтерді жинап жатыр.

Our World In Data дерегі бойынша, сонау 2017 жылы Қазақстан 100 мың адамға шаққандағы суицид саны бойынша екінші орын иеленді. Ең нашар жағдай Ресейде байқалды, алайда мұны елде тұратын азаматтардың көптігі арқылы түсіндіруге болады.

Депутат Закиева Қазақстандағы жасөспірімдер суициді туралы не деді?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Дүниежүзілік денсаулық сақтау статистикасы» жылдық есебі бойынша, Қазақстанда суицид деңгейі 100 мың адамға шаққанда 17,6 жағдайға тең. Салыстыру үшін алайық, көрші Қырғызстанда бұл көрсеткіш – 7.4, Өзбекстанда – 8.0, Түркіменстанда – 5.7, ал Ресейде – 25.1.

Сонымен қатар, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы суицид ешқашан бір фактордың немесе оқиғаның нәтижесі емес екенін айтып өтеді. Адамды суицид жасауға итермелейтін факторлар, әдетте, көп және олар күрделі болып келеді және оларды бірқатар зерттеуде жиі кездесетіндей қарапайым түрде айтуға болмайды.

Суицидтен қайтыс болғандар туралы кейінгі мәліметтер Вашингтон университетінің Денсаулық көрсеткіштері мен бағалау институтының платформасында «Аурудың ғаламдық ауыртпалығы» жобасы аясында бар. Ондағы цифрлар ДДСҰ ұсынған мәліметтерден сәл өзгеше болуы мүмкін, бұл методологияның әртүрлі екеніне байланысты. Деректер базасынан басқа аурулардан болатын өлім-жітім туралы көптеген ақпарат табуға, сондай-ақ елдердің көрсеткішін салыстыруға болады.

Осы ақпарат бойынша, Қазақстан Орталық Азия елдерінде және Ресейде 1990 жылдан 2019 жылға дейін 15 жастан 19 жасқа дейінгі азаматтар арасында өзіне-өзі зиян келтіруден қайтыс болғандар саны бойынша көшбасшы болды.

Ф

Депутат Закиева Қазақстандағы жасөспірімдер суициді туралы не деді?

10 жастан 14 жасқа дейінгі адамдарға қатысты дерек бойынша, Қазақстан бұл антирейтингіде екінші орында тұрғанын көрсетеді.

Депутат Закиева Қазақстандағы жасөспірімдер суициді туралы не деді?

Сонымен қатар, суицид деңгейі жоғары 20 елдің тізімін жасаған денсаулық зерттеушісі Джон Элфлайн деректерін келтіруге болады. 2019 жылғы мәліметтер бойынша, бұл тізімде Қазақстан соңғы орында тұр.

Депутат Закиева Қазақстандағы жасөспірімдер суициді туралы не деді?

Жасөспірімдер мен балалардың суицид жағдайлары туралы бөлек айту керек. Тақырыптың маңызды екеніне қарамастан, ересектер арасындағы суицидке назар аудару әлі жеткіліксіз. 2020 жылы елдегі барлық суицидтің шамамен 96%-ін 18 жастан асқан адамдар жасаған, бірақ бұқаралық ақпарат құралдары мен саясаткерлер тек 18 жасқа толмаған топқа назар аударады.

UNICEF мамандары 2014 жылы Қазақстан Республикасында балалар суициді туралы есебінде 2008 жылы Қазақстан 15-19 жас аралығындағы екі жыныс бойынша да кәмелетке толмағандар арасында суицид бойынша бірінші орын алғанын айтып өтті. 2014 жылға қарай Қазақстан 15-19 жас аралығындағы «табиғи емес себептерден» болған өлім саны бойынша екінші орынға шықты.

2020 жылға арналған кейінгі есебінде эксперттер Қазақстан жасөспірімдер (15-19 жас) мен жастар (20-24 жас) арасындағы өлім-жітім деңгейі жоғары елдердің бірі екенін айтады. Жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсау сыртқы себептерден болатын өлімнің негізгі себебі болып саналады.

Бұған қоса, 2010 жылдың өзінде Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар және Қарағанды ​​облыстарында суицид деңгейі республикалық деңгейден жоғары екені дәлелденді.

Контекст

  • Жыл сайын бүкіл әлемде 800 мыңға жуық адам суицидтен өледі – бұл адам өлтіруден екі есе көп.
  • Суицид – жастар өлімінің басты себептерінің бірі.
  • Мамандар жасөспірімдер мен балалардың суицид жасау мәселесін талқылаумен қатар, әлемде ересектер арасында суицид оқиғаларына жеткілікті назар аударылмайтынын айтып өтеді.
  • Мәселенің өзектілігіне қарамастан, әлемде суицид туралы деректерді жинаудың айқын мәселесі бар. Себебі суицид туралы айтылмау немесе оның абайсызда келтірілген жарақат ретінде тіркелуі мүмкін кейбір елде суицид тақырыбы тыйым салынған тақырып болып саналады.
  • Кейбір ел туралы ақпарат мүлдем жоқ. Осылардың нәтижесінде әлемдегі суицид саны кемітіліп айтылуы мүмкін.
Factcheck.kz