Демократияны тек Демократиялық сауат құтқарады

Сіз өзіңіздің жаңалықтарыңызды қайдан алатындығыңызға байланысты, сіздің АҚШ президенті Дональд Трамптың импичментіне қатысты тергеу қалай жүргізіліп жатқандығы туралы пікіріңіз сіздің достарыңыздың, туыстарыңыздың немесе көршілеріңіздің сұрауларынан мүлдем өзгеше болуы мүмкін. Сіз сондай-ақ сіздің ойыңызға қайшы келетін оқиғаның кез-келген нұсқасы жай ғана дұрыс емес деп ойлауыңыз мүмкін. Әлеуметтік желінің қосымша өнімі – негізгі фактілер бойынша консенсустың жоқтығы – елеулі тәуекелдерді тудырады және осы мәселені шешу үшін жеткіліксіз.

Соңғы жылдары «медиа сауатты» арттыру қажеттілігі цифрлық дәуірдегі жалған ақпаратпен күресуге ұмтылушылардың, әсіресе Facebook және Google сияқты технологиялық алыптардың жұмысын қатаң реттемей-ақ ұрандататындардың сүйікті ісіне айналды. Егер адамдар бұқаралық ақпарат құралдарын бір кісідей білетін болса, қисынға жүгінсек, олар бидайды топаннан бөліп алуға қабілетті болып, сапалы журналистика басымдыққа ие болар еді.

Мұнда біршама шындық бар…

Жол қозғалысы туралы заңдарды білмейтін жерде көлік жүргізу қауіпті екеніндей жаңа сандық медиа ортасын қауіпсіз басқара отырып, «жалған жаңалықтардан» аулақ болып қана қоймай, сонымен қатар интернеттегі қысым көрсету, зорлық («кек») порно және жек көрушілік сияқты қауіптерден аулақ болу үшін – білім мен хабардар болуды қажет етеді. Жаһандық деңгейде медиа сауаттылықты жақсартуға бағытталған күш-жігердің маңызы зор. Еркін, сенімді және тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары кез-келген жұмыс істейтін демократияның тірегі болып табылады, ол сайлаушыларға ақпараттандырылған шешімдер қабылдауға және сайланған көшбасшыларды есепке тартуға мүмкіндік береді. Осыны ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдарының сауаттылығын демократиялық сауаттылықты арттыру бойынша кең ауқымды науқан аясында жүргізу керек. 

Осыдан 2500 жыл бұрын ежелгі Грециядағы өзінің пайда болған сәтінен бастап демократия қатысу мен билік арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ететін ережелер мен институттарға тәуелді болды. Егер де мақсат әркімге сөйлеу мүмкіндігін беру болса, Facebook және Twitter сияқты платформалар демократияның шыңы болар еді, ал 2011 жылғы Араб көктемі сияқты халықтық қозғалыстар, әрине, жұмыс істейтін үкіметтер құрар еді.

Оның орнына, мақсат – халықтың мүддесін алға жылжыту үшін сайланған көшбасшылар өздерінің білімі мен тәжірибесін ортаға салатын басқару жүйесін құру. Тексеру және тепе-теңдік жүйесімен кепілдік берілген заңның үстемдігі және биліктің бөлінуі мұндай жүйенің жұмыс істеуі үшін өте маңызды. Қысқасы, институционализациясыз күш жұмылдыру ұзаққа апармайды.

Бүгінде мемлекеттік мекемелер бұқаралық ақпарат құралдары сияқты сенімнің жетіспеуінен зардап шегуде. Белгілі бір дәрежеде бұған негіз бар: көптеген үкімет өз азаматтарының қажеттіліктерін қанағаттандыра алмады және сыбайлас жемқорлық  өсіп келеді. Бұл демократиялық институттарға қатысты өсіп келе жатқан скептицизмді тудырды, және де адамдар әркім өз пікірін білдіруге болатын және барлық адам тең саналатын онлайн-платформарға жиі жүгінеді.

Мәселе мұндай платформаларға негізделген шешімдер қабылдау үшін қажетті тежеулер мен тепе-теңдіктер жүйесі жетіспейді. Және, кейбір интернет пионерлерінің бастапқы күтулеріне қарамастан, бұл тежеулер мен тепе-теңдік органикалық жолмен пайда болмайды. Керісінше, алгоритмдерге негізделген технологиялық компаниялардың бизнес-модельдері оларды жоққа шығарады, өйткені олар құндылыққа немесе шындыққа емес, көбірек белсенділік пен лүпілге сәйкес танымалдылықты күшейтеді.

Популистік саясаткерлер оппоненттердің немесе азшылық топтардың қажеттіліктерін елеместен, өздерінің жақтаушыларына жағымпазданып,  билікті алу үшін тежеулер мен тепе-теңдіктер жүйесінің болмауын жиі пайдаланатын пайдаланды. Көпшілікті басқарудың бұл түрі тобырды басқаруға өте ұқсас, заң шығарушы органдар мен соттарды жоққа шығара отырып популистік көшбасшылар – әдетте өтірік пен жалған ұрандардан қалыптасқан өз сайлаушыларының қалауларын орындауға тырысқандай болады. Британдық премьер-министр Борис Джонсонның мәмілесіз Брекситті тоқтату мүмкіндігін барынша азайту үшін Парламенттің жұмысын уақытша тоқтату талпынысы  осыған мысал болып табылады.

Демократия жағдайында барлық адамдар кімге дауыс бергеніне қарамастан өздерінің көшбасшыларына өздерінің құқықтарын және негізгі мүдделерін қорғауға сенім білдіру мүмкіндігіне ие болуға тиіс. Олар мемлекеттік қызметшілер өз уақыты мен энергиясын негізді шешімдер қабылдауға арнайтынына, ал мұны жасамайтындар басқаларымен тексеріліп және қажетті шаралар қолданылатынына сенімді бола отырып, өздерінің күнделікті өмірімен айналысуға мүмкіндігі болуы тиіс. Беделді тәуелсіз БАҚ бұл процесті қолдайды.

Джонсонның жағдайында сот билігі атқарушы билікті тексеру бойынша өз борышын орындады. Бірақ демократиялық институттарға жасалған әрбір шабуылмен есеп берушілік әлсірейді, адамдар одан сайын көңілдері қалады, ал жүйенің заңдылығы төмендейді. Уақыт өте келе, бұл талантты тұлғалардың журналистика және саясат сияқты салаларда жұмыс істеуге деген ынтасын азайтып, олардың тиімділігі мен заңдылығын одан әрі жояды.

Бұл тұйықталған шеңбердің үзілуі (тоқтатылуы) бұқаралық ақпарат құралдары мен демократиялық сауаттылықты, оның ішінде жүйе қалай жұмыс істейді және оны кім иеленеді және кім қалыптастырады деген сияқты білімді жылдам кеңейтуді талап етеді. Дегенмен, (мен қызмет еткен) Сандық Дәуірдегі  Сапалы Журналистика жөніндегі Еуропа Кеңесінің Сараптамалық Комитетінің  алдағы зерттеулері көрсеткендей, медиа сауаттылықты арттыру бағдарламаларының көпшілігі оқушыларды цифрлық платформаларды пайдалануға және жаңалықтар контентін түсінуге үйретумен шектелген. Егде адамдарға (ең көп қажет ететін осылар) өте төмен бағдар қойылған, оларға тек медиа және сандық инфрақұрылымды кім қадағалайтынын немесе алгоритмдік таңдау механизмдерін үйрететеді.

Демократия бүкіл әлемде стресс-тесттен өтуде. Тесттен өтуі үшін олардың институционалдық негізін нығайту қажет. Ол үшін, ең бірінші кезекте  бұл қандай негіздер, неге олар маңызды және кім оларды бұзуға тырысатыны туралы түсінікті қалыптастыру қажет.

Демократияны тек Демократиялық сауат құтқарады

Александра Борчардт, Оксфорд университетінің Журналистика Ғылымдарын оқытатын Reuters Институтының аға ғылыми қызметкері.

Авторлыққұқық: Project Syndicate, 2019.
www.project-syndicate.org

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz