Дәрігер мен полиция коронавирусты анықтау үшін үйге келетіні рас па?

Пандемия уақытында редакциямызға оқырмандар Whatsapp-тағы хабарламаны тексеруімізді өтініп хабарласты. Оқырман ұсынған жазбаның үзіндісі:

Дәрігерлер полицейлермен бірге барлықтарыңызға (үйлеріңізге) барады. Вирусты анықтайтын кез кезлген тесттен бас тартыңыз. Содан кейін олар екінші рет тексеруден өтуге мәжбүрлейді және ол вирустың бар екенін көрсетеді. Вирустың бар екені анықталғаннан кейін, сіздерге екпе салғызады. Жоспар бойынша, адамдар жарты жылдан кейін дүниеден өте бастайды. Сіз мынаны естен шығармаңыз: тест(вирусты анықтайтын), бұл өз еркіңізбен болатын іс. Егер олар шектен шықса, полиция тұрғанына қарамастан, полиция қызметкерін шақырыңыз. Сосын хаттама бойынша мәжбүрлеу туралы шағым жазыңыз. Олар, полиция қызметкерін шақыра бастағанда кете бастайды. Мәжбүрлеу заңсыз болғандықтан қорқып, кетіп қалады.

ҚЫМБАТТЫ ОТАНДАСТАР, БАРЛЫҒЫҢ КАРАНТИН АЯҚТАЛҒАНҒА ДЕЙІН ЕШКІМГЕ ЕСІК АШПАҢДАР. ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙ БОЛМАСЫН ВАКЦИНА САЛДЫРУҒА МҮМКІНДІК БЕРМЕҢІЗ. БАСҚАЛАРҒА ЕСКЕРТІҢІЗ.

Үкім: Жалған

Біріншіден, Қазақстанда SARS-Cov 2 коронавирусына тест (вирусты анықтауға арналған) шектеулі азаматтарға жасалып, арнайы зертханада вирусты анықтауға тест өткізіледі. Екіншіден, бұл ақпарат Ресейде де тарады. Қазақстан желілерінде РФ (Ресей Федерациясы) сөзі алынғанын байқауға болады. Үшіншіден, коронавирусқа қарсы вакцина табылмағанын ұмытпағанымыз жөн.

Бұл тараған ақпараттың халық арасында іріткі салуға көзделгенін байқауға болады.

Дәрігер мен полиция коронавирусты анықтау үшін үйге келетіні рас па?

Бұл ақпарат қастандық теориясының негізінде жазылған:

  • Адамдардың ресми мәліметке және БАҚ-қа толықтай сене бермейтінін пайдаланып, дағдарыс уақытында үрейді арттыруға.
  • Сондай-ақ, қандай да бір себептермен жаппай вакцинациядан қауіптенетіндерге нақты бағытталғанын айтуға болады.
  • Хабарламаны таратқандардың ең басты мақсаты — дүрбелең туғызып, құқық қорғау органдарына сенімсіздік тудыру.

Factcheck.kz қандай ақпарат келсе де, оқырмандардың өзі де тексере алатынын мына сілтемедегі материалда толық жазды. Бір қарап шығыңыз.

P.S

Оқырмандар еш алаңдамасы үшін, біз 1406-ға (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы коронавирус бойынша call-орталық) қоңырау шалдық. Полиция қызметкерлері мен дәрігерлер адамдардың үйіне келіп, вирустың бар-жоғын тексеретін ақпараттың қаншалықты рас екенін сұрадық. Жания есімді оператор, бұл хабарды жоққа шығарды.

Хабарласқан тілшінің атын сұрап, қай қаладан екенімізді білгеннен кейін call-орталығының операторы былай жауап берді: Мен ондай (жаңалықты) көрген емеспін. Бұл ақпараттың жалған екенін айта аламын.

Сall-орталығының операторымен болған әңгіменің аудиожазбасы:

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz