Фейк | COVID-19-ға қарсы вакцина жасалды

Әлеуметтік желілерде COVID-19-ға қарсы вакцина жасалды деген ақпарат тарап жатыр. Хабарлама мәтіні төмендегідей:

Керемет жаңалық! Вирусқа қарсы Карона вакцинасы дайын. Екпені салғаннан кейін пациент небәрі 3 сағат ішінде жазылады. АҚШ ғаламдары алдында бас иіңіздер. Дәл қазір Трамп Roche Medical Company вакцининаны келесі жексенбіден бастап тарататынын және оның миллиондаған дозасы дайын екенін мәлімдеді (орыс тілінен аударылды).

Адамның эмоциясына бағытталған хабарлама WhatsApp мессенджері мен Instagram-да жарық жылдамдығымен таралды десек те болады. Бұл хабарлама ағылшын тілінде де тараған, оны біздің үндістандық әріптестеріміз тексерген.

Үкім: Фейк

Суретте вакцина емес адамдағы антиденелерді анықтауға мүмкіндік беретін тест бейнеленген. Бұл тест көбіне диагностика барысында басқа да тесттермен бірге қолданады. Қазіргі уақытта вакцина әлі жоқ және Трамп бұл туралы ешқандай да мәлімдеме жасамады.

Әріптестерімізден кейін біз де деректерді бір тексеріп шықтық. Аталмыш тестті жасаушы Оңтүстік Кореялық SugenTech компаниясы. Қайталай кетейік, бұл ағзадағы коронавирусты анықтайтын алғашқы және жалғыз тест емес.

Тағы да атап өтерлік жайттың бірі, АҚШ-тың азық-түлік пен медикаменттердің сапасын бақылау басқармасы – FDA тек тест нәтижесіне қарап диагноз қоюды құптамайды. Тіптен ағзада вирус табылмады және тест нәтижесі теріс дегеннін өзінде адам COVID-19-ды жұқтыруы ықтимал.

Roche медициналық компаниясына келер болсақ, ол дәл осындай тестті шығаратын жеті компанияның бірі ғана.

Фейк қалай пайда болды?

  • Roche компаниясы расымен де коронавирусқа қатысты зерттеулер жүргізіп жатыр. Қазіргі кезде халі нашарлаған пациенттерді емдеген. Бұл вирус кең тараған шақта ірі жетістік болып есептеледі. Компанияның $2 млн-ға бағаланған дәрілері Қытайға да жөнелтілген.
  • “Миллиондаған доза” туралы дерек Abbott Laboratories өкілі компания АҚШ-тағы зауыттарындағы өндіріс көлемін арттыратыны туралы айтқаннан кейін шықса керек. Жоспар бойынша наурыздың соңында 1 миллион тест дайындалмақ. Вакцина емес, тест.
  • Мына сілтемеден тесттер туралы толық ақпарат ала аласыздар.

Қазақстандағы коронавирус

24 наурыз сағат 23:20-дегі дерек бойынша, Астанада – 36 адам, Алматыда – 29 адам, Қарағандыда – 2, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Шымкентте – 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, жалпы 72 науқас тіркелген.

Аслан Сеит
Изучаю пост-правду. Отдельное почтение журналистике данных. Практикующий специалист SMM, ведь в мире не без этого.