Данияның арнайы қызметі АҚШ-қа Еуропадағы саясаткерлерді бақылауға көмектескен

Данияның арнайы қызметі АҚШ-қа Германия канцлері Ангела Меркельдің үстінен тыңшылық жасауға көмектескен. Бұл туралы Süddeutsche Zeitung сайты хабарлады.

Журналистердің дерегінше, АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік агенттігі Барак Обаманың президенттігі кезінде Германия канцлері Ангела Меркельді бақылап, тыңшылықпен айналысқан. Олар Данияның арнайы қызметі арқылы канцлерге жіберілген хабарламалар мен қоңырауларды жазған. Сонымен қатар, тыңшылық жүргізу үшін Копенгагеннің жанында орналасқан аралға дерек орталығын салдырған.    

Зерттеулерге сәйкес, АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік агенттігі Ангела Меркельден бөлек, Германияның бұрыңғы президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге және Франция, Норвегия, Швеция елдерінің жоғары дәрежелі саясаткерлеріне де тыңшылық жасаған.

Германия үкіметі тыңшылық жайлы журналистерден білгенін хабарлап, бұған қатысты пікір білдіруден бас тартты. Швецияның қорғаныс министрі бұл мәселе бойынша толық ақпарат беруді талап етті. Ал Дания мен АҚШ билігі журналистердің сауалына жауап бермеді.

Контекст

  • 2013 жылы АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрыңғы қызметкері Эдвард Сноуден АҚШ-тың еуропалық саясаткерлерге тыңшылық жасағанын алғаш рет мәлімдеді. Содан кейін, АҚШ билігі бақылауды тоқтатуды бұйырған.
  • Сноуден электронды тыңшылық жайлы америкалық құпия деректерді мәлімдегеннен кейін АҚШ-тан біржола кетті. Оған елде тыңшылық жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалып, іздеу салынды. Эдвард Сноуден Гонконгке барып, содан кейін Ресейге қашқан. Сноуденнің мәлімдемесінен кейін, Данияның арнайы қызметі ішкі тергеуді бастаған.
Мадияр Бабахан
Мадияр Бабахан. Тұран университетінің 3-курс студенті.