Дания билігі пандемияға қатысты барлық шектеуді алып тастады

10 қыркүйектен бастап Дания билігі коронавирусқа қатысты бұрын енгізілген барлық шектеуді алып тастады. Енді бұл елде COVID-19 «қоғам үшін критикалық ауру» деп саналмайды. Бұл туралы DW сайты хабарлады.

Бұдан былай Данияда жаппай іс-шараларға қатысу үшін вакцина паспортын көрсетудің қажеті жоқ. Бұған дейін маскасыз жүруге рұқсат берілген.

Вакцина салу деңгейі жоғары болған соң мұндай шешім қабылдануына түрткі болды. Халықтың 83 пайызы, яғни, 12 жастан асқан ел тұрғындары коронавирусқа қарсы вакцинаны толықтай еккен.

Сонымен қатар, Данияға кіру үшін бірқатар шектеулер сақталады.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz