Cоңғы жылдары сатылған отандық көліктердің үлесі қанша?

31 тамызда aikyn.kz сайтында “Қазақстандық көлік брендке айнала ма?” деген тақырыпта материал жарық көрді. Ішінде көлік сатылымына байланысты бірнеше фактілер келтірілген. Factcheck.kz сайты бұл деректердің рас-өтірігін тексерді.

2017 жылы сатылған әрбір үшінші автомобиль отандық кәсіпорындарда шығарылды.

Aikyn.kz

Үкім: Жартылай шындық

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми мәліметінше 2017 жылғы сатылған әрбір 2,5 автокөлік отандық өнімге тиесілі.

Медиа-Нет-хат

Мәлімдемеге қарайтын болсақ, 2017 жылы сатылған жаңа 50 778 автокөліктің 19 547-і отандық кәсіпорындарға тиіселі. Нақты есебін шығаратын болсақ әрбір үшінші емес, 2,5 автокөлік отандық кәсіпорынға тиесілі екенін көреміз.

2018 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша сатылған әрбір екінші автомобиль отандық өндіріске тиесілі.

Aikyn.kz

Үкім: Шындық, бірақ…

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше 2018 жылы жаңа автокөліктер нарығы 66 692 құрады, оның 32 298-і отандық өндірістікі.

kazautoprom.kz сайтында әрбір айда сатылған көліктер туралы ақпарат шығып отырады. 2018 жылдың алғашқы 8 айындағы дерекке сәйкес 36 191 автокөлік сатылыпты, оның 17 047-і қазақстандың кәсіпорынға тиесілі. Бөліп қарасақ 2,1, яғни әрбір сатылған екінші көлік отандық өнімге тиесілі екенін көреміз. Бұл – шындық.

Ал, 2018 жылдың алғашқы 8 айындағы мәліметті алып, оны 2017 жылғы сатылған отандық көліктермен салыстыра отырып, “сатылған әрбір екінші көлік қазақстандық кәсіпорынға тиесілі” деп көрсету – манипуляция. Бұл ретте оқырманның “2018 жылдың толық мәліметі қайда” деген сұраққа жауап іздеуі заңды.

Қазақстанда қанша көлік құрастыратын кәсіпорын бар?

Статистика комитетінің ақпараты бойынша елімізде әртүрлі мақсаттағы көлік құралдарын өндіруші 26 кәсіпорын тіркелген, оның ішінде жеңіл және жүк автомобильдерін және автобустар өдіретін ірі кәсіпорындар:

  • «СарыаркаАвтоПром» ЖШС (Қостанай облысы);
  • «АЗИЯ АВТО» АҚ (Шығыс Қазақстан облысы);
  • «СемАЗ» ЖШС (Шығыс Қазақстан облысы);
  • «Камаз – Инжиниринг» АҚ (Ақмола облысы);
  • «Hyundai Trans Auto» ЖШС (Алматы қаласы);
  • «Daewoo Bus Kazakhstan» (Шығыс Қазақстан облысы).

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz