БҰҰ: Украинадан кеткен босқындар саны екі миллионнан асты

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары Филиппо Гранди (Filippo Grandi) Twitter парақшасында соғыс басталғалы Украинадан екі миллионнан астам адам кеткенін мәлімдеді.

“Бізге атыстың тыйылғаны керек, бітім керек, сол кезде адамдар елден қашпайды, үйлеріне қайта оралады. Бірақ олар қазір әбден шошып қалған” деді Гранди “Әл-Жазира” телеарнасына.

БҰҰ дерегінше, Польшаға 1,2 миллионнан астам, Венгрияға 191 мыңнан астам, Словакияға 140 мыңнан астам, Ресейге 99 мыңнан астам, Молдоваға 82 мыңнан астам босқын кеткен.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz