27 сәуірде өткен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің бейресми отырысында Украинада болжам бойынша шамамен 6000 әскери қылмыс жасалғаны айтылды. Бұл туралы Deutsche Welle cайты хабарлады.
БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Мишель Бачелет (Michelle Bachelet) құрбандар мен олардың отбасылары “тиісті өтемақы алу керек” екенін атап өтті. Бачелеттің айтуынша, Адам құқықтары жөніндегі комиссия 5 939 бейбіт тұрғынның ісін тергеген, оның ішінде 2 787 адам қаза тапқан, 3 152 адам жараланған.
Албанияның сыртқы істер министрі Олта Джачка (Olta Xhaçka) және бірқатар батыс елдерінің, соның ішінде АҚШ пен Франция өкілдері “қылмыскерлер жауапқа тартылатынын” хабарлады.

Ұйым мәліметінше, соғыстан ақпарат кешігіп келіп жатыр. Бұған қоса оны растау біршама уақыт алады. Сондықтан, зардап шеккендердің нақты саны әлдеқайда жоғары болуы мүмкін.
Сонымен қатар, БҰҰ дерегінше, бейбіт тұрғындардың көбі ауыр артиллерия, зымырандық жүйелер, әуе соққыларынан қаза тапқан.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.