Бразилияда Meta-ға шамамен 2 млн доллар айыппұл салынды

Сан-Паулу тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы (Procon-SP) Meta компаниясының Бразилиядағы бөлімшесіне 11,3 млн бразилиялық реал (шамамен 1,9 млн доллар) айыппұл салуға шешім қабылдады. Бұл туралы ұйымның ресми сайтында хабарланды.

Мұндай шешімге Facebook, Instagram, WhatsApp желісінің 4 қазанда жаһандық деңгейде істен шығуы түрткі болған.

Сол күні Бразилияда 91 000-нан астам Facebook қолданушысы, 90 мыңнан астам Instagram және 156 мыңнан астам WhatsApp пайдаланушысы желіні қолдану мүмкіндігінен айырылған.

Procon-SP бұл шешімді компанияның “сапасыз қызмет көрсетуімен” түсіндірді.

Ведомствоның мәліметінше, Meta тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңды бұзған. Яғни, компания біржақты контентті бұғаттауға немесе жоюға, пайдаланушы атын өзгертуге, қызмет функционалдығын өзгертуге немесе желіге қол жеткізуді тоқтататын мүмкіндігі бар.

Марк Цукербергтің компаниясы бұл шешімге реакция танытып, реттеушінің мұндай шешімімен келіспейтінін хабарлады. Алайда Meta айыппұлға шағымданатын жоспары жайлы ақпарат айтылмады.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz