Бізге 3 жыл!

2017 жылдың 10 мамырында Орталық Азияда фактілерді тексеруге арналған тұңғыш ресурс – Factcheck.kz өз жұмысын бастады. Біз, жоба командасы, жалған ақпаратпен күресіп жатқанымызды мақтан тұтамыз! 

Өткен үш жылдың ішінде Google, Facebook және Twitter секілді алып компаниялар фактілерді тексеретін ұйымдармен қоян қолтық жұмыс істеу керектігіне көз жеткізді. Соның айқын дәлелдерінің бірі – коронавирус пандемиясы кезінде бірнеше елдің фактчекинг ресурстары бас қосып, жалған ақпаратқа қарсы тұруы. Халық арасында қорқыныш пен үрей, күмән мен қауесет белең алған тұста ақ-қараны анықтап, “мынау – жалған, мынау – рас” дейтін жобалар ауадай қажет екенін көрсетті. 

Шыны керек, 2017 жылы осы бізге фактчекинг керек пе деп, оның болашағына күмәнмен қараушылылар көп болды. Бұл тек Қазақстанда ғана емес, Орталық Азияның өзге елдеріндегі де жағдай еді. Ең өкініштісі әріптестеріміздің басым бөлігі, иық тіресіп, ақпараттық майданда бірге жүрген достарымыз “фактчек”, “пропаганданы талдау”, “ашық деректер” туралы айтсақ болды әңгімені басқа жаққа бұруға тырысатын еді.

Әйтсе де, біздің команда жасаған зерттеулер мен материалдар оқырмандар тарапынан жоғары бағаланды. Жоба аудиториясы айына бір миллионға жетті. Көптеген БАҚ, қоғам қайраткерлері біздің материалдарымызға сілтеме жасап, өздеріне басып шығаратын болды. Редакциялар, жоғарғы оқу орындары, түрлі компаниялар мен халықаралық ұйым өкілдері өздерін оқытуды сұрап жиі хабарласады, Біздің команданың консультциясы және көмегінің арқасында Қырғызстан мен Тәжікстан журналистері өз елдерінде фактчекинг сайттарын ашты. 

Бізге деген қоғам қажеттілігі, оқылым саны, репосттар мен републикациялар, тіпті сынның өзі командамызды қуантады және шабаттандырады. Мұндай сәттерде күн сайынғы еңбегіміздің зая кетпегеніне көз жеткіземіз. Шыны керек, фактчекердің жұмысы әркімге ұнамасы анық. Табандылық пен шыдамдылықты қажет етеді. Кейде бір материалды дайындау үшін ешқашан көрмеген, білмеген және көлемді ақпаратты ақтаруға тура келеді. Осындай қажырлылықтың арқасында жарық көрген мақаламыз біреулерге ұнамайтын кездер жиі болады. Бізді сынайды, кейде арнайы сынатады. Қорқытып, үркітетін де сәттер болған. Осының барлығына қарамастан, біз үшін әр оқырманның сенімі, ыстық лебізі маңызды. Сол үшін де сынбай келеміз.

Біз бүгінгі сәтті пайдалана отырып, барлық авторларға, біздің әр материалымызды асыға күтетін сүйікті оқырмандарымызға, Орталық Азияда фактчекинг пен медиасауат бойынша жобалар жасаған барлық серіктестерімізге алғыс айтамыз. Біздің ұсынымызды қабылдап, бізге сенім артқаны үшін, бізді 3 жыл бойы қолдап келе жатқан Сорос-Қазақстан қорына ерекше ықыласымызды білдіреміз. 

Өткен үш жыл күрделі болды. Біздің команда үнемі жаңа технологиялар мен әдістерді меңгеруден жалыққан емес. Түрлі қиындықтар мен қысымдарға қарамастан өз жұмысын адал атқарып келе жатқан журналистерімізді мақтан тұтамыз. Дәл қазіргі уақытта біздің жұмысымыз аймақ үшін де, әлем үшін де маңызды екені сөзсіз. 

Біздің командамыздың бір бөлігі – белсенді оқырмандарымыз: олардың бірі тың тақырыптарды іздесе, енді бірі деректерді қарайды және сараптайды, ал үшінші бөлігі – Factcheck.kz авторы атанады.

Айтпақшы, бізді сынайтын оқырмандарымызға да алғыс айтамыз. Сіздердің сындарыңыздың арқасында біз жетіліп келеміз. Сондықтан да оқырман алдындағы ашықтығымыз – біздің басты стратегиямыз. 

Шыны керек, біз өзге медиа үшін “прокурор” немесе даудың соңғы нүктесін қоятын ұйым емеспіз, тек төрелігін айтамыз. Біз әр адамның пікірін сыйлаймыз және ашық қоғам құндылықтарына сенеміз. Айқын деректер мен ашық ақпараттық алаң, жалған ақпаратпен күрес және сапалы журналистика заманалы қоғамға ауадай қажет. Біз дәл осындай адамдар үшін, біздің оқырмандарымыз үшін, ашық қоғам үшін еңбек етеміз!

Бізді таңдағандарыңыз үшін рахмет!

Тексеруді жалғастырамыз…

Адиль Джалилов
Директор Международного центра журналистики MediaNet, медиа-тренер, консультант, журналист. Инициатор и разработчик нескольких обучающих проектов: «Практическая журналистика», Медиа-Школа (независимая школа журналистики) и др. Основатель Factcheck.kz