Белсенділер қаңтар оқиғасында қаза болғандардың есімін жариялауды талап етеді

Журналист Әсем Жәпішева мен белсенді Бэлла Орынбетова Қазақстанда қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандардың атын жариялауды талап етіп, петиция ұйымдастырды.

Қаңтардағы қайғылы оқиға барысында, ресми ақпарат бойынша, әскери қызметкерлермен қоса, бейбіт халық тарапынан 225 адам қаза тапты. Біз, Қазақстан халқы, осы ауыр күндерде ел басына түскен қайғыны бөліскіміз келеді. Бірақ 225 цифрды емес, 225 қаза тапқан адамды жоқтап, қайғы жұтқан отбасының қасіретін бөлісіп, көмектескіміз келеді. Осыған байланысты аласапыран қаңтар күндері қаза тапқан 225 адамның және із-түзсіз жоғалып кеткен адамдардың аты-жөнін жариялауыңызды талап етеміз.

Петиция мәтінінен үзінді.

Сонымен қатар, белсенділер «Біз біргеміз» миссиясы құр ұран түрінде қалмауы тиіс екенін және «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорының қаражаты есебінен зардап шеккен адамдар мен отбасыларына материалды көмек аударуды талап етеді.

15 қаңтарда Бас прокуратура қаңтар оқиғасы кезінде 225 адам қайтыс болғанын хабарлаған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz