Байден ЛГБТ өкілдерінің құқығын қорғауға уәде берді

2 маусымда АҚШ президенті Джо Байден ЛГБТ өкілдерінің дәстүрлі мерекесіне байланысты теңдік туралы заң қабылдауға уәде берді. Ол Конгресті теңдік туралы заңды қабылдауға шақырды. Бұл туралы DW сайты хабарлады.

Бұған дейін теңдік туралы заңды Палата өкілдері мақұлдаған, алайда белгілі себептермен Сенатқа өтпеді. АҚШ президенті ЛГБТ өкілдерінің «еркін және шынайы өмір сүру үшін күресетінін» және «таңдау еркіндігі мен тұрақтылығын» мойындайтынын айтты.

Байден президенттігінің алғашқы күнінде, ЛГБТ өкілдеріне тең қарау туралы бұйрыққа қол қойған. Кейін ақпан айында Тұрғын үй министрлігі «ЛГБТ өкілін тұрғын үй нарығындағы кемсітушіліктен заңды түрде қорғайтынын» алғаш рет мәлімдеген. Сонымен қатар, Қорғаныс министрлігі трансгендерлерге АҚШ армиясында қызмет етуге рұқсат берді.  

Контекст

Байден тағайындаған 1500 мемлекеттік қызметкердің әрбір жетіншісі ЛГБТ өкілі екенін мәлімдеген. АҚШ-тың көлік министрі болып тағайындалған Пит Буттиджич — гей екенін мойындаған алғашқы министр. Ал Денсаулық сақтау вице-министрі Рейчел Левин федералды лауазымға ие алғашқы трансгендер.

Мадияр Бабахан. Тұран университетінің 3-курс студенті.

Factcheck.kz