Әшімбаев Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлік туралы

4 қарашада Сенатта «Жаңа жағдайдағы экономикалық даму: Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау саласындағы мемлекеттік саясаты және құқықтық реттеуді жетілдіру» тақырыбы бойынша парламенттік тыңдау өтті. Жиын барысында сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев шағын және орта кәсіпорындар туралы төмендегідей мәлімдеме жасады. Тексеріп көрейік.

Қазіргі таңда шағын және орта кәсіпорындар шамамен 3 миллион 300 мың қазақстандықты жұмыспен қамтып отыр. Бұл экономикалық белсенді халықтың 39%-ын құрайды.

Мәулен Әшімбаев, сенат төрағасы

Үкім: Шындық және жартылай шындық

Ұлттық статистика бюросының 2020 жылғы 1 шілдедегі дерегі (сайттағы соңғы дерек) бойынша шағын және орта кәсіпкерліктердегі жұмыспен қамтылған адам саны – 3 297 804. Төраға айтқан мәлімдеме мен ресми дерек арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ. Төраға статистика комитетінде әлі жарияланбаған ІІІ тоқсанның жаңа дерегін айтуы әбден мүмкін.

Екінші сөйлемдегі мәлімдеме бойынша, Қазақстандағы экономикалық белсенді халық саны – 9,2 млн адам. Жоғарыдағы жұмыспен қамтылғандар санын белсенді халық санына бөлгенде 36 пайыз болады. Төраға айтқан мәлімдеме мен соңғы статитистикалық деректі зкономикалық белсенді халықтың санына бөліп көрген болатынбыз. Бірақ екі көрсеткіште осы пайызды көрсетіп тұр. Сол себепті де үкім – жартылай шындық.

Контекст

Ұлттық статистика бюросы, 2020 жылдың бірінші шілдесіндегі мәлімет бойынша ШОК істеп тұрған субъектілердің саны – 1 345 941, оның ішінде шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 271 457, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 2 541, дара кәсіпкерлер – 854 324, шаруа немесе фермер қожалықтары – 217 619.

Әшімбаев Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлік туралы

Шағын және орта кәсіпкерлік жұмыспен қамтылғандар санын өңірлер бойынша төмендегі кестеден көре аласыздар.

Әшімбаев Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлік туралы

Жоғарыда кестеден көріп тұрғандай, 2020 жылдың 1 шілдедегі мәліметі бойынша жалпы ШОК-та жұмыспен қамтылғандар саны – 3 297 804. Соның ішінде шағын кәсіпкерлікте – 1 274 038, орта кәсіпкерлікте – 355 749, дара кәсіпкерде – 1 365 865, шаруа немесе фермер қожалықтарында – 302 152 адам жұмыс істейді.

Сулейман Демирел университетінің журналистика мамандығы бойынша оқиды. "Ұлан" газетінің штаттан тыс тілшісі. 2019 жылдан бастап factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz