Белсенділер Арон Атабекті қорғау комитетін құру жөнінде бастама көтерді

1 қарашада Алматы қаласында бір топ саясаткерлер мен белсенділері баспасөз жиынын өткізіп, таяуда түрмеден шығарылған Арон Атабекті қорғау комитетін құру жөнінде бастама көтерді. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Жиынға саясаткерлер мен қоғам белсенділері Мұрат Әуезов, Хасен Қожа-Ахмет, Балташ Тұрсымбаев, Мұратбек Есенғазы және Арон Атабектің қарындасы Рәзия Нутушева қатысты.

Қоғам белсендісі Мұратбек Есенғазы Арон Атабекті қорғау жөніндегі комитет арқылы халықаралық сотқа шағымданып, Арон Атабектің ісін қайта қарауға қол жеткізу керек деп есептейді.

Мұрат Әуезов Арон Атабекті қорғау комитеті құруды құптап, Арон Атабектің қамалуы мен 2005 жылы болған Шаңырақ оқиғасының толық көрсететін тәуелсіз журналистік зерттеу жасауды ұсынды.

Қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаев «Арон Атабек түрмеден шығару туралы құжатқа келіспеймін деп те қол қойған. Оған шыққан соттың әділетсіз үкімінің күшін жою керек. Комитет жұмыстарын жүргізуге тырысамыз. Бұған әрбір азамат көмектесуі керек»,- деді.

Контекст

  • Биыл 1 қазанда Павлодар соты 2006 жылғы «Шаңырақ оқиғасынан» кейін 18 жылға сотталған Арон Атабектің қалған жаза мерзімін бостандығын шектеу жазасына ауыстырып, ақынды «денсаулық жағдайына байланысты» түрмеден шығарған.
  • Бостандыққа шыққаннан кейін туыстары Арон Атабектің халі нашарлап Алматыдағы ауруханаға жеткізілгенін, бірақ оның ауруханаға жатудан бас тартқанын хабарлаған. Кейіннен денсаулығы қайта нашарлап, ауруханаға түскені, жағдайы ауыр екені хабарланған.
Төлепберген Маликов
Төлепберген Маликов. Байқоңыр қаласында туған. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.