AP: Шыңжаң өлкесінде «терроризм» айыбымен 10 мың адам түрмеде отыр

Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық өлкесіндегі Көне Шаһар елді мекенінің әр 25-тұрғыны терроризмге қатысы бар деп айыпталып, түрмеге қамалған. Бұл туралы Associated Press (АР) сайтында хабарланды.

АР агенттігінің жазуынша, тізімде Көне Шаһар түрмесінде қамалған 10 мыңнан астам ұйғырдың аты-жөні жазылған. Кейінгі жылдары Қытай билігі Шыңжаңдағы мұсылмандарды аяусыз қудалап келеді. Олар мұны “террозиммен күрес” деп түсіндіреді.

Тізімді «Шыңжаңдағы Қытай үкіметінің саясатына қарсымын» деп өз көзқарасын сипаттаған құпия дереккөзден шыңжаңдық ғалым Джин Бунин алған. Кейін Қытайдан Норвегияға қашуға мәжбүр болған ұйғыр лингвисті Әбдуәли Аюп АР агенттігіне тізімді жолдаған. Агенттік ақпараттың шындыққа жанасатынын ресми мәліметтер арқылы анықтады. Бұған қоса, сұхбат берген сегіз ұйғыр тізімдегі 194 адамды танитынын айтты.

Көне Шаһар (Kona Sheher) — 267 мыңнан астам тұрғыны бар Шыңжаңның оңтүстігіндегі қала. Түрмеге қамалғандардың тізіміне сай, елді мекен тұрғындары екі жылдан 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылған. Түрмедегілердің орташа жаза мерзімі – тоғыз жыл.

Сарапшылар Көне Шаһарда түрмеде отырғандар саны 10 мыңнан әлдеқайда көп деген қорытынды жасаған.

Контекст

2019 жылы Қытай билігі халықаралық сынға ұшырағаннан кейін уақытша түрмелер жабылатынын жариялады. Бірақ сарапшылардың сөзінше, мыңдаған ұйғыр, этникалық қазақ, басқа да мұсылмандар ондаған жыл бойы түрмеде отыр.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz