Amnesty International халықаралық ұйымы Әсия Тулесова мен Бейбарыс Толымбетовты қолдау үшін арнайы мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде былай делінген:
«Белсенділердің әрекеттері үшін олар ешқандай да санкцияға, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы керек еді. Бұл пікір еркіндігі мен бейбіт жиындар өткізуге деген әркімнің жеке құқығын қамтып отыр. Қазақстан өзінің бейбіт жиындар туралы Заңдарын қайта қарауы керек, бұл ең әуелде бейбіт шерушілер әкімшілік не қылмыстық жауапкершілікке тартылмас үшін қажет. Әсия Тулесова мен Бейбарыс Толымбеков шұғыл және қандай да бір міндеттемелерсіз босатылуы тиіс».
Мәлімдеменің толық мәтінін төмендегі құжаттан біле аласыз:
EUR5702602019ENGLISHЕстеріңізде болса, бұған дейін Алматыдағы марафон кезінде бірнеше белсендінің тұтқындалғаны хабарланған еді.