Amnesty International Қазақстан билігін қанша адам тәртіпсіздіктің құрбаны болғанын жария етуге шақырды

Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігін бейбіт тұрғындар арасындағы тәртіпсіздік құрбандарының санын айтуға және ұсталған барлық журналистер мен белсенділерді босатуға шақырды. Бұл туралы Vlast.kz сайты хабарлады.

Қазақстан билігі кейінгі бір жарым аптада жаппай наразылықтан хабар таратып ұсталған журналистер мен белсенділерді босату қажет. Сонымен қатар, митиңге байланысты ұсталғандар туралы ақпарат беруге және барлық ұсталған адамның құқығын сақтауды қамтамасыз етуі тиіс. Үкіметтің ресми мәліметіне сәйкес, наразылық акциясы басталғалы бері қамауға алынған адам саны 10 мыңға жетті.

Ұйым сайтындағы мәлімдеме.

Бұған қоса, Amnesty International Қазақстан билігін адам құқығының бұзылуы туралы барлық хабарламаға, соның ішінде күш қолданушыларға да тиімді әрі бейтарап тергеу жүргізуге және адам құқығын құрметтеуге шақырады.

Amnesty International ұйымының Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша директоры Мари Стразерс Қазақстандағы жағдай тұрақталғанымен, «дағдарыс әлі әлі аяқталмағанын» айтты.

Бұдан бөлек, билікті тез арада бейбіт тұрғындар арасында қанша адам қаза тапқанынын хабарлауға шақырды.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz