Алматы кәсіпкерлері екпе алғандарға әртүрлі жеңілдік ұсынады

Алматыда 25 мамырдан бастап Qamqor акциясы басталады. Акцияны Бостандық ауданының әкімдігі мен басқа да кәсіпкерлер ұйымдастырды. Бұл туралы Informburo.kz хабарлады.

Акцияның басты мақсаты – қала тұрғындары мен қонақтарын Covid-19-ға қарсы екпе салдыруға ынталандыру. Акция барысында кәсіпкерлер тауарлар мен қызметтерге әртүрлі жеңілдік ұсынады. Вакцина паспортын көрсеткен соң ұнаған түрлі тауар мен қызмет көрсетуге белгіленген жеңілдіктерді алуға болады.

Төменде көрсетілген жерлерде 5 проценттен 20%-ке дейін жеңілдік алуға болады:

  • “KINOPARK 5” кинотеатры, (Тимирязев көшесі, 42) “Atakent Mall” ОСО – 20% жеңілдік;
  • “Brooklyn fitness gym” фитнес орталығы, (“Керемет” шағын ауданы, 7) – 20% жеңілдік;
  • “Траснформа” перформативтік өнер театры, (Байзақов көшесі, 280) – 5% жеңілдік;
  • “Almaty Doner” қоғамдық тамақтану орны, (Абай даңғылы, 34) – 10% жеңілдік;
  • “GAME ON” компьютерлық клубтар желісі, (“Керемет” шағын ауданы, 7); (Розыбакиев көшесі, 111); (Бұқар жырау көшесі, 27/5, блок 1) – 20% жеңілдік;
  • “Coffee and parfait bar” кофеханасы, (“Esentai Mall” ОСО , 4-қабат) – 20% жеңілдік;
  • “Асем тау” демалыс аймағы, (Алмарасан шатқалы) – 10% жеңілдік;
  • “Тsarskaya” қоғамдық моншасы, (Розыбакиев көшесі, 187) – 10% жеңілдік;
  • “METRO” ойын-сауық орталығы / боулинг, бильярд, картинг, караоке), (Жандосов даңғылы, 2б) – 10% жеңілдік.

Аудан кәсіпкерлері пандемияға қарсы күреске өз үлесін қосып, барша кәсіпкерледі акцияны қолдауға шақырады.

Контекст

25 мамыр күнгі мәлімет бойынша, Қазақстанда 2 млн 15 мың адамға коронавирусқа қарсы вакцинаның кемінде алғашқы дозасы салынған. 949 мыңнан астам адам вакцинаның екі дозасын алған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz