АҚШ-тағы қарсылық және полицияға жасалған шабуыл: ақпараттың рас-өтірігі

Соңғы күндері мессенджерлер мен жалпы желіде АҚШ-тағы қарсылық шаралары туралы ақпарат тарап жатыр. Онда қарсылық шарасына қатысқандар полицейлерге шабуыл жасады делінген. Оның кең тарап кеткені мен тақырыптың маңыздылығын ескеріп, хабарламадағы пікірді тексеріп көрдік.

АҚШ-тағы қарсылық және полицияға жасалған шабуыл: ақпараттың рас-өтірігі

Осыған ұқсас мәтінді Livejournal платформасындағы блогтардан, әлеуметтік желілерден, Pikabu форумында, тараған хабарламалардан және басқа да қаралымы аз сайттардан кездестіруге болады. Оны тіпті ресейлік жазушы Дмитрий Пучковтың «Вконтактедегі» жеке парақшасынан да көрдік. Алғы сөз кейде өзгеруі немесе мүлдем өшірілуі мүмкін.

Алдын ала қорытынды

Хабарламада шынайы, жартылай шын және манипуляциялық пікірлер араласқан. Мәтін авторлары полиция офицерлеріне қатысты зұлымдыққа назар аудартқысы келгені көрініп тұр. Бірақ кей жерлерде деректер бұрмаланған. Кейбір қателіктерден ақпараттардың асығыс  жиналып, құрастырылғанын байқауға болады. Дегенмен, автор ең аты шулы оқиғалар туралы факттар басында орналасқанына көзі жетті . 

АПДЕЙТ: Тағы бір айта кететін жайт, аударманың дәл болмауы мен мәліметтерді анализден өткізбегендіктен манипуляция болған. Ағылшын тілінде injury сөзі сырып кету (жеңіл жарақат) мен көгеруді сипаттайды, сонымен қатар түрлі (ауыр) жарақаттардың да атауы. Орыс тіліндегі мәтінде осы айырмашылық ескерілмей, барлығы жарақат деп берілген. Ол полицейлердің жұмысын қазір қауіпсіздеу етпейді, дегенмен оқырманды шатастырады.

Төменде толығымен талдаймыз.

Лас-Вегас полиция офицері тәртіпсіздікпен күресіп жатқанда, желкесінен біреу оқ атып қайтыс болды

Үкім: Манипуляция

29 жастағы офицер Шей Микалонистің расында тәртіпсіздік кезінде желкесіне оқ тиді. Дегенмен ол тірі және ауруханада жатыр, жағдайы өте ауыр. Соңғы мәліметтер бойынша, ол оқты денеден шығаратын отаны сәтті өткерді. Офицерге шабуыл жасаған адам сол түні тұтқындалды. Ол 20 жастағы Эдгар Саманиего есімді азамат.

Белгісіз оқ атушы Лас-Вегас соты ғимаратында құқық қорғау органдарына оқ жаудырды

Үкім: Жартылай шындық

Полицей мен сол кезде беймәлім болған адам арасында оқ атылғаны рас. Бірақ оқиға Федералды сот ғимаратының ішінде емес, маңында болды. Күдікті оқ жаудырып үлгермеді, себебі ол тапаншасын алам дегенше полицейлердің бірі оны жарақаттады. Кейін оқ атпақ болған адамның 25 жастағы Хорхе Гомез екені белгілі болды. Ол ауруханаға жеткізілді, бірақ алған жарақатынан қайтыс болды.

Сент-Луисте белгісіз адам төрт полицейді атып өлтірді

Үкім: Манипуляция

Белгісіз адам (немесе адамдар) полиция жолағында тұрған төрт полицейге оқ жаудырып, жарақаттады. Екеуінің аяғы, біреуінің қолы және тағы бірінің табаны жараланды.

Нью-Йорк полиция қызметкерін автокөлік қағып кетті

Үкім: Шындық

Оқиға 2 маусым күні Бронксте болды. Нью-Йорк полициясының хабарлауынша, офицер ауыр жарақатымен жергілікті ауруханаға жеткізілді. Жағдайы тұрақты. Әзірге ешкімді тұтқындаған жоқ.

Буффало құқық қорғау органдарының үш қызметшісін полиция бөлімшесі алдында көлік қағып кетті

Үкім: Шындық

Оқиға 1 маусым түнде болды. Екі полиция қызметшісі ауыр жарақат алды. Олардың бірі қолының жарақаттанғанына қарамастан сол түні қызметін жалғастырды. Полицейлерді қағып кеткен жүргізуші мен автокөлік жолаушысы тұтқындалды.

АҚШ-тағы қарсылық және полицияға жасалған шабуыл: ақпараттың рас-өтірігі

Давенпорт құқық қорғау органдарының үш қызметшісі торуылға тап болып, бірін белгісіз адам атып өлтірді

Үкім: Шындық және жалған

Үш полиция қызметкері болған көлікке белгісіз адамдар оқ жаудырған. Офицерлердің бірі жарақат алды. Полиция шефі Пол Сикорскидің хабарлауынша оның жағдайы жақсарып келе жатыр. Полицейді ешкім атып өлтірген жоқ.

Чикагодағы тәртіпсіздік кезінде 132 офицер жарақат алды

Үкім: Шындық

Чикаго полициясының басшысы Дэвид Браунның хабарлауынша, 31 мамыр жексенбі күні 132 полиция қызметшісі түрлі дәрежедегі жарақат алған, 48 атыс болып, 17 адам қайтыс болды, жүздеген адам қамауға алынды.

Тоғыз Питсбург офицері қарсылық шарасына қатысушылар тәртіпсіздік кезінде тастаған заттардан зардап шекті

Үкім: Шындық

1 маусымда полицейлер мен демонстранттар арасындағы қақтығыстан 9 полицей зардап шекті, 20 адам қамауға алынды. Полицейлер қаралып, ауруханадан шығарылды.

Род-Айлендтегі тәртіпсіздік кезінде бірнеше офицер жарақат алды

Үкім: Шындық

Жергілікті жаңалықтар қызметінің хабарлауынша маусымның 1-нен 2-не қараған түні полицейлер мен демонстранттар арасында болған қақтығыстан 9 полиция қызметшісі жарақат алып, 65 адам тұтқындалды.

Белгісіз адам Окленд полиция басқармасында оқ атты

Үкім: Жартылай шындық

Атыс полиция басқармасында емес, оның сыртында болды. Үш белгісіз адам автокөліктен басқарма ғимаратына қарай оқ жаудырды. Содан кейін күдіктілер тығылып қалуға тырысқан, бірақ оларды ұстап үлгерді. Тергеу жүріп жатыр.

Санта-Анада екі офицердің басынан таспен ұрған

Үкім: Жартылай шындық

Екі полицей қандай да бір снарядтардан жарақаттанды. Бұл тас па әлде басқа нәрсе ме, белгісіз. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды.

Вирджиния, Ричленд қалалық округінде екі офицерді атып кетті

Үкім: Манипуляция

Біріншіден, қалалық округ Ричленд емес, Ричмонд деп аталады. Екі полицей 2 маусымда күдіктімен атыс кезінде жарақат алды. Үшеуі де ауруханаға жеткізілді.

Олбаниде бір офицердің басынан кірпішпен ұрған

Үкім: Шындық

30 мамыр күнгі демонстрация кезінде полиция офицері қарсылық шарасына қатысушылардың бірі лақтырған кірпіштен соққы алған. 21 жастағы Джеймс Вэйл айыпты деп танылып, тұтқынға алынды.

Ханзада Уильям округінің төрт полицейі тас лақтырғаннан бас жарақатын алды

Үкім: Манипуляция

30 мамыр кешке қарсылық танытушылар мен полицейлер арасындағы қақтығыс кезінде төрт офицер жарақат алды. Жергілікті БАҚ хабарлауынша, олырдың тек біреуінің ғана жарақаты ауыр.

Сакраментода жеті офицер жараланды

Үкім: Манипуляция

Жеті офицер 29 мамыр күнгі Сакраментодағы қарсылық шарасы кезінде жеңіл жараланды (ауыр жарақат емес).

Линчбергте бірнеше офицерді атып кетті, бірқатары жарақат алды

Үкім: Манипуляция

31 мамырдан 1 маусымға қараған түні қарсылық танытушылар лақтырған тастан екі полицей жараланды. Офицерлердің бірі өміріне қауіп төндірмейтін жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Шампейннің бірнеше полицейі жараланды

Үкім: Манипуляция

31 мамырда Шампейн қаласындағы қарсылық шарасы кезінде бірнеше полицей кішігірім жарақат алды (ауыр жарақат емес). 27 адам қамауға алынды.

Чикагода қала сыртында үш полиция қызметшісі жараланды

Үкім: Шындық

Әңгіме Ок Лондағы қарсылық туралы болып тұрған тәрізді. Үш полицей өміріне қауіп төндірмейтін жарақат алды, 8 адам тұтқындалды.  

Солт-Лейк-Ситиде 21 полиция офицері зардап шекті

Үкім: Шындық

30 мамырда Солт-Лейк-Ситиде болған қарсылық шарасы кезінде 21 полицей медицина қызметшілерінің көмегіне жүгінген. 41 адам қамауға алынды.

Құпия қызметтің (Ақ үй күзеті) кем дегенде 50 агенті Вашингтонда Молотова коктейлінен жарақат алды

Үкім: Жартылай шындық

Шынында 29-нан 31 мамырға дейінгі аралықта болған қарсылық шарасы кезінде  кем дегенде 50, кейбір дерек бойынша 60, ал кейбірінде 60-тан да көп агент жараланды. Бірақ олар Молотова коктейлінен зардап шекті деген нақты мәлімет жоқ. БАҚ хабарлауынша, түрлі құралдар пайдаланылған, оның ішінде тас, петарда және т.б. бар.

Үш денверлік полицейді автокөлік қағып кетті

Үкім: Жартылай шындық

30 мамыр кешке Денвердегі қарсылық шарасы кезінде автокөлік ішінде үш полицей мен бір тұтқындалған азамат болған патрульдік көлікке соғысқан. Жергілікті БАҚ-тың жексенбі күнгі мәліметінше, полицейлердің бірі әлі ауруханада жатыр, ал жарақаты жеңіл екеуі ауруханадан шығарылған. Апатқа кінәлі адам жасырынып үлгерген, оны іздестіріп жатыр.

Тәртіпсіздік кезінде Нью-Йорктің 30-дан астам полицейі жараланған

Үкім: Шындық

Өткен жексенбіде 33 полиция қызметшісі түрлі жарақат алды. Сонымен қатар, 47 полиция көлігі бүлініп, 345 адам қамауға алынған.

АҚШ-тағы қарсылық және полицияға жасалған шабуыл: ақпараттың рас-өтірігі

Қарсылық акциясы кезінде алты афиналық полицей жараланды

Үкім: Манипуляция

Бұл фактті де хабарламаға қосқаны қызық. Себебі бұл жерде әңгіме АҚШ-тағы емес, гректік Афины туралы болып отыр. Ол жақта бірнеше күн бұрын Малакаса ауылындағы мигранттарға арналған лагерьге қарсы шығушылар мен полицейлер арасында қақтығыс болды. Салдарынан бес полиция қызметшісі зардап шекті.

Гаррисбергтегі тәртіпсіздік кезінде Капитолияның екі полицейі жараланды.

Үкім: Шындық

Қала мэрі Эрик Папенфьюздің хабарлауынша, Гаррисбергтегі қарсылық шарасынан кейін екі полицей ауруханаға жатқызылған. Бір күннен кейін олардың емханадан шығарылғаны белгілі болды.

Тәртіпсіздік кезінде Лас-Вегастың он екі полиция қызметшісі жарақат алды

Үкім: Шындық

Лас-Вегаста 29 мамырда болған қарсылық кезінде 12 полиция қызметшісі жарақат алып, 80 адам қамауға алынды.

Тәртіпсіздік кезінде Миннеаполис құқық қорғау органдарының жиырмадан астам қызметшісі жараланды

Үкім: Жартылай шындық

Жарақат алғандардың нақты саны еш жерде көрсетілмеген. ABCnews мәліметінде ондаған адам жараланды делінген.

Бір Федералды қызмет қызметшісін атып кетті

Үкім: Шындық

29 мамыр кешке Окленд қаласында белгісіз адам көліктен Федералды күзет қызметінің екі қызметшісіне оқ атқан. Оның бірі қаза тапса, екіншісі жарақат алды.

Қорытынды

  • Хабарламада шынайы, жартылай шын және манипуляциялық пікірлер араласқан.
  • Мәтін авторлары полиция офицерлеріне қатысты зұлымдыққа назар аудартқысы келгені көрініп тұр. Кей жерлерде деректер бұрмаланаған.
  • Сонымен қатар, автор әсірелеу үшін «өлтірілді» немесе «жараланды» деген сөздің орнына «атып кетті», ал кейбір кішігірім зақым алған кезде «жарақат алды» деп жазған.
  • Кейбір қателіктерден байқағанымыз, ақпарат асығыс жиналып, құрастырылған. Дегенмен автор ең аты шулы оқиғалар басында орналасқанына көзі жетті.

Фактчекер, главный редактор русскоязычной версии Factcheck.kz

Factcheck.kz