Адам құқықтары VS міндетті вакцинация: миф пен шындық

Кейінгі кездері вакцинацияны міндеттеу – адам құқығын бұзу деген пікірді жиі естіп жүрміз. Шын мәнінде солай ма? Арнайы адам құқықтары жөніндегі арна үшін міндетті вакцинацияның қай жері дұрыс, қай тұсы бұрыс екенін құқық қорғаушы, адам құқықтары саласындағы халықаралық құқық бойынша кеңесші, Amnesty International-дың Орталық Азиядағы экс-кеңесшісі Татьяна Чернобиль талдап шықты. Назарларыңызға ең танымал пікірлерді құжаттарға сілтеме жасай отырып талдап, «сұрақ-жауап» түрінде ұсынамыз. Коронавирусқа қарсы вакцинация туралы ғана емес, жалпы иммундау туралы айтамыз.

Eleanor_Roosevelt_UDHR
FDR Presidential Library & Museum, CC BY 2.0, via Wikimedia Commons

Жалпыға ортақ вакцинация кезіндегі адам құқықтары жөнінде миф пен фактілер

Міндетті вакцинация адам құқықтарын шектейді

Шындық. Расымен, міндетті вакцинация адамның бірқатар құқықтарын, соның ішінде жеке өмір құпиясын, жеке басына қол сұқпау, қозғалыс еркіндігін және басқаларын шектейді, бірақ адамды олардан айырмайды.

Иә, бірақ міндетті вакцинация жол беруге болмайтын шектеулерге (адам құқықтарына қатысты) әкеліп соғады

Жалған. Мемлекеттің адам құқықтарының бірқатарын шектеуге құқы бар. Оған тұрғындардың денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында жалпыға ортақ вакцинацияны міндеттеу кіреді.

Денсаулық мәселелеріндегі еріктілік құқығы ешқашан ешқандай шектеулерге ұшырамайтын адам құқықтарына қатысты

Жалған. Денсаулық сақтау құқығы әлеуметтік құқыққа жатады және мемлекет «демократиялық қоғамдағы жалпы әл-ауқатқа ықпал ету мақсатында» (экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт) шектеу қоюы мүмкін.

Еуропадағы иммундауға қатысты заңнамалық тәсілдер туралы

Адам құқықтарын тіпті санитария дәрігерлерінің басшысының қаулысы да шектей алмайды

Шындық. Адам құқықтары тек заңмен шектеледі.

Кейбіреулердің денсаулығына деген құқығы басқалардың денсаулығына деген құқығынан асып түсе алмайды

Шындық. Барлығының құқығы мен барлық құқықтар маңызды. Ешкімнің құқығына басымдық берілмейді. Дегенмен бұл жағдайда мемлекет адамның кейбір құқықтарын шектейді, кейбір адамдардың құқықтарын емес.

Міндетті вакцинация – зорлық

Жалған. Бұл – жеке адамдардың ғана емес, жалпы халықтың денсаулығына әсер ететін ұсыныс. Мұндай ұсынысты қолдау – қауіпсіздік, азаматтық жауапкершілік, қоғамға деген тілектестік, дұрыс пайымдауға келіп тіреледі.

Егер вакцинациядан бас тартқан жағдайда жағымсыз салдары (жұмыстан шығуға мәжбүрлеуі мүмкін, т.б.) күтіп тұрған болса, бұл – ұсыныс емес.

Шындық. Вакцинациядан бас тарту – әлеуметтік салдарға әкелуі мүмкін деген тұсы рас. Себебі кейбіреулердің вакцинациядан бас тартуы – түрлі аурулары бар басқа адамдардың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Сондай-ақ ковидке байланысты денсаулық сақтау жүйесіне шамадан тыс күш түсіп, дер кезінде медициналық көмек ала алмай қалуы мүмкін. Шектеулер осыған байланысты қойылады.

Вакцинациядан бас тартқандардың құқықтарын шектеу – оларды жазалау

Жалған. Бұл жағдайда мемлекеттің мақсаты біреуді жазалау емес, жалпыға төнуі мүмкін қауіптің алдын алу. Шектеулер ешкімді алаламайды, бәріне бірдей қатысты. Аурудың таралып кетуінің алдын алу үшін мемлекет шектеу енгізуге құқылы.

Бизнестің келушілердің, қызметшілер мен клиенттердің денсаулығы туралы ақпаратты сұрауға құқы жоқ. Бұл жеке бас құпиялылығы құқығын бұзады.

Әдеттегі уақыт болса – солай. Бірақ пандемия кезінде тұрғындардың денсаулығы жалпы қауіпсіздік мәселесі болып саналады. Бұл жағдайда мемлекет тек қауіп-қатер төніп тұрған кезде ғана адамның бірқатар құқықтарын, оның ішінде медициналық және басқа да құпиялардың сақталу құқын бұзуға құқылы, және бизнесті өзіне көмектесуге міндеттейді. Мұндай шектеулер орнымен болуы керек, сондай-ақ нақты қажет болған кезде қолданылады және заңда қарастырылған.

Вакцинация – тұрғындардың денсаулығына қатысты құқықтарды қамтамасыз ету үшін қолданылған тым радикалды шара

Жалған. Егер әкімшілік немесе қылмыстық жаза қолданылатын болса тым радикалды шара деуге болар еді. Вакцинациядан бас тартқан жағдайда Қазақстанда да, әлемнің көптеген елдерінде де әкімшілік немесе қылмыстық жаза қарастырылмаған. Дегенмен мұндай жағдайлар жоқ емес. Мәселен, Угандада баласына вакцина салдырудан бас тартқан ата-ана 6 айға дейін түрмеге қамалуы мүмкін, Францияда балалар вакцинациядан бас тартса әкімшілік (тіпті қылмыстыққа дейін баруы мүмкін) жауапкершілік жүктеледі, мұндай жауапкершілік Американың бірқатар штаттарында да кездеседі.

Еуропадағы иммундауға қатысты заңнамалық тәсілдер туралы

Десек те, вакцинация – радикалды шара. Шамалы интрузивтірек тәсілдерді қолдануға болатын еді ғой (мәселен, маска тағуды, басқа да алдын алу шараларын міндеттеу).

Шындық. Болар еді. Бірақ вакцинация – вирустық аурулардың таралуын тоқтататын ғылыми тұрғыда (тарихта да) мойындалған жалғыз және қауіпсіз тәсіл. Яғни, осындай жағдайларда тиімділігі дәлелденген.

Міндетті вакцинация дегеніміз – ғылыми тәжірибелерге қатысуға міндеттеу. Ал адамдарды келісімінсіз ғылыми тәжірибеге ешкімнің қатыстыруға құқы жоқ, бұл – мәжбүрлеу.

Жалған және шындық. Шындығы – қандай жағдай болса да адамдарға өз келісімінсіз ғылыми тәжірибе жүргізуге болмайды. Вакцинацияның ғылыми тәжірибе екендігі – жалған: бұл тұжырымға ғылыми немесе нақты дәлел жоқ. Вакцинация – аурудың таралуын тоқтататын тәсіл, ал әлемде пайдаланылып жатқан негізгі вакциналар қауіпсіздік пен тиімділікке қатысты қажетті сынақ пен тексерістерден өткен.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz