АӘК-тің 2020 жылдан бастап өсетіні рас па?

WhatsApp мессенджерінде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы мен атаулы әлеуметтік көмекке (АӘК) байланысты түрлі алып-қашпа әңгімелер тарап жүр. Мысалы біреуі мынадай сарында:

АӘК-тің 2020 жылдан бастап өсетіні рас па?
WhatsApp мессенджерінде тараған хабарлама

Желіде таралған ақпараттың қаншалықты рас екенін Factcheck.kz сайты тексеріп көрді

Сүйінші! Пенсия әйелдерге – 56 жаста, ерлерге – 62 жас болыпты

WhatsApp арқылы таралған хабарлама

Үкім: Жалған

ҚР Зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2013 жылғы 21 маусымдағы №105-V заңы бойынша ерлер 63 жастан, әйелдер жаңа тағайындаулар бойынша 2020 жылы 59,5 жастан зейнетке шығады. Осы заңның 11-бабында зейнет жасы айқын көрсетілген.

АӘК-тің 2020 жылдан бастап өсетіні рас па?
adilet.zan.kz

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 18 жасқа томаған 1 балаға 11500 тг, 2 балаға 23000, 3 балаға 33500 тг, 4 балаға 42500 тг, 5 балаға 57000, 6 балаға 62000, 7 балаға 67000 тг ай сайын пособие төлейді

WhatsApp мессенджерінде тараған хабарлама

Үкім: Жартылай шындық, бірақ…

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Бидайбекұлының Парламенттің қарауына ұсынған жаңа атаулы әлеуметтік көмек отбасының табысына қарамастан 4 немесе одан да көпбалалы отбасыларға төленетін болады. Бірақ, бұл әзірге тек жоспар.

ҚР Президентінің 2 қыркүйектегі жолдауында “АӘК қатысты барлық шешімдер 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енуі тиіс” деген тапсырма берген болатын. Осыған орай ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Бидайбекұлы 2019 жылы 7 қазандағы Үкімет отырысында АӘК көрсетудің жаңа тетіктерін таныстырып, Парламенттің қарауына ұсынды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтындағы ақпаратқа сенсек, АӘК 4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын балалары бар барлық көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан төленеді деп жоспарлануда. Яғни ұсынылған заң бойынша:

  • 4 балаға – 42 500 тг;
  • 5 балаға – 53 125 тг;
  • 6 балаға – 63 750 тг;
  • 7 және одан көп балаға – 74 375 тг төленеді.

Министрліктің мәліметінше, 2020 жылы 1 қаңтарынан бастап 340 мыңнан астам көпбалалы отбасы жаңа жәрдемақыны алады деп жоспалануда.

Сонымен қатар…

АӘК көрсетудің жаңа механизмдерінде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап табысы аз отбасылардың балаларын қолдау мақсатында кепілді ендірілген әлеуметтік пакеті ұсынылды. Пакет бойынша:

Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін балалар тағамы, гигиеналық құралдар, білім беру қызметтері ұсынылады. Мектеп жасындағы балалар үшін ыстық тамақ, мектеп киімдері мен керек-жарақтарын сатып алу, жол жүру шығындарын өтеу, сондай-ақ медициналық қызмет көрсету көзделген.

Біржан Бидайбекұлы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz