49 млн инстаграм қолданушысының дербес деректері тарап кеткен

TechCrunch сайтының хабарлауынша интернетте миллиондаған Instagram қолданушылардың, оның ішінде атақты адамдардың, лауазымды тұлғалардың және брендтердің парақшаларының жеке дерегі сақталған қор табылды.   

Amazon Web Services сайтында жарияланған дерекқордың ешқандай құпиясөзі жоқ, кез-келген адам қолжеткізе алады. Осы мақала жазу барысына дерекқорда 49 миллионнан астам мәлімет бар еді, алайда ол сағат сайын өсуде. 

Әрбір жазбада қолданушының Instagram-нан алынған мәліметтер бар. Оның ішінде биография, профильдегі суреттер, жазылушылар саны, қала не мемлекет бойынша мекен жайы бар. Сонымен қатар, қолданушының электроны поштасының адресі мен телефон нөмірі сияқты жеке дерегі сақталған. 

Дерекқорды ақылы жарнамамен айналысатын Үндістанның Chtrbox компаниясы жасаған. 

Басылымның өкілдері компанияға хабарласқаннан кейін, Chtrbox дерекқорға қолжетімділікті шектеп тастады. Компания басшылығы қолданушылардың электронды поштасы мен телефон нөмірін қалай тапқандарына жауап бермеді.  

 

Factcheck.kz