27.01 | АСК журналистердің құқығын бұзғанын мойындамады, Навальный, АҚШ-та telegram’ды өшіруді талап етті

G7 Навальныйды тез арада босатуды талап етті

Әлемнің жеті дамыған елдері (G7) бірлескен мәлімдемесінде оппозиция жетекшісі Алексей Навальныйды босатуды талап етті. Бұл туралы DW сайты хабарлады.

«Біз G7 елдерінің «сыртқы істер министрлері — Германия, Франция, Италия, Жапония, Канада, Ұлыбритания және АҚШ, сонымен қатар, Еуроодақтың жоғары өкілі Алексей Навальныйды қамауға алып, саяси астарымен ұстағанын айыптаймыз.

G7 елдерінің мәлімдемесінен

G7 өкілдерінің айтуынша, Навальный тез арада ешқандай шартсыз босатылуы керек. Сонымен бірге, Ресей өзінің халықаралық міндеттемелерін орындап, адам құқықтарын сақтауы керек.

Бұдан бөлек G7 өкілдері сенбі митингілері кезінде мыңдаған демонстранттар мен журналистердің ұсталуына алаңдаушылық білдірді.

АҚШ-та сот арқылы Google Play-ден телеграмды өшіруді талап етті

АҚШ-тың Мароккодағы бұрынғы елшісі және коммерциялық емес Coalition for a Safer Web ұйымының басшысы Марк Гинзберг Калифорния соты арқылы Google Play-ден телеграмды өшіруді талап етті. Бұл туралы Bloomberg сайты хабарлады.

Гинзбергтің айтуынша, телеграм қауіп төндіруге, нәсілге бөлінуге қолданылады. Оның пікірінше, афроамерикалық Джордж Флойд қайтыс болған соң және АҚШ-тың жаңа президенті Джозеф Байденнің инаугурациясынан кейін жиі орын алған.

Сонымен қатар, кейбір Telegram қолданушылары басқаларды экс-президент Дональд Трампты қолдау үшін “наразылыққа қатыспауға, оның орнына бүкіл ел бойынша кенеттен шабуылдар ұйымдастыруға шақырды” деп хабарланған.

Бұдан бөлек телеграмды есірткі сатуға қолданатыны туралы айтылған.

Алматы қалалық сайлау комиссиясы журналистердің құқығын бұзғанын мойындамады

Алматы қалалық сайлау комиссиясы парламент сайлауы күні журналистердің құқығын бұзғанын мойындамады. “Құқықтық медиа орталыққа” жіберген жауабында Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау учаскелеріндегі екі оқиғаны атап өтіп, “журналистерден ПТР тест талап ету” фактісі тіркелмеді деп тұжырымдаған. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

10 қаңтарда Алматыдағы №173 учаскесінен хабар таратуға барған Азаттық тілшісі Аян Қалмұратты учаскеден шығарып жіберген болатын. Аумақтық сайлау комиссиясы жауабында комиссия төрағасының тілшіден ПТР тест талап еткенін айтпаған. Тілші “сайлау комиссиясының талабымен” участоктан кетті деп жазған.

27.01 | АСК журналистердің құқығын бұзғанын мойындамады, Навальный, АҚШ-та telegram’ды өшіруді талап етті
Алматыдағы №173 сайлау учаскесіндегі сайлау комиссиясының төрағасы Нұржан Ысқақов Азаттық тілшісінен коронавирус тестін талап етіп тұр. 10 желтоқсан 2020 жыл.

Ақпарат құралдарына ПТР тест тапсыру талабы қойылмаса сол күні комиссия төрағасы Азаттық тілшісінен коронавирус жоғын дәлелдейтін анықтама талап етіп, сайлау учаскесінен күшпен шығарып жіберген. Тілші өзіне күш қолданған сәтін видеоға түсіріп алған.

Екінші жағдайда да Orda.kz тілшісі Сәуле Сәденовадан №379 сайлау учаскесінде ПТР тест талап еткен. Сайлау комиссиясының ақпараты бойынша, Сәденова есеп журналында 9:31-де тіркелген. Ол сайлау учаскесінде 5 сағаттан астам уақыт болған.

14 қаңтарда “Құқықтық медиа орталығы” сайлау күні журналистер тіркеген заңсыздықтарға қатысты орталық сайлау комиссиясы мен бас прокурорға шағымданып, кінәлілерге шара қолдануды сұраған.

Біз ОСК-дан мәселені зерттеп, шара қолдануды сұрағанбыз. ОСК хатты аймақтарға жіберген. Бірақ барлық жауаптар бірдей болады деп ойлаймын, яғни, “бәрі заң аясында, ешкім ештеңе бұзған жоқ” деген мағынада жалтарма жауап аламыз деп ойлаймын, – деді “Құқықтық медиа орталық” жетекшісі Диана Окремова Азаттық тілшісіне.

Қазақстан бас прокурорына да бағытталған хатта журналистердің аты-жөні мен сайлау учаскесі жазылған шамамен 15 заңсыз факт көрсетілген. Диана Окремова бас прокурордан да жауап күтіп отырғанын айтты.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz