11.11 | ЕО коронавирус вакцинасын сатып алады, жаңа М1 чипті MAC компьютерлері, InternetCA-2020 форумы онлайн өтіп жатыр

Еуроодақ АҚШ-тан коронавирус вакцинасының 300 миллион дозасын сатып алады

Еуропалық комиссияның өкілі Pfizer және BioNTech компанияларымен коронавирус вакцинасының миллиондаған дозасын сатып алу бойынша келіссөздерді аяқтады деп мәлімдеді. Комиссия 12 қарашада келісімді мақұлдайды деп күтіліп отыр. Бұл туралы DW сайты жазды.

Қазіргі уақытта бұл вакцинаның перспективасы өте жоғары. Біз вакцинаны алған соң бүкіл Еуропаға тез таратуды жоспарлап отырмыз. Бұл фармацевтикалық компаниямен жасалған төртінші келісім-шарт. Алдағы уақытта бұдан да көп болады. Себебі бізге әртүрлі технологияға негізделген вакцина қажет”

Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен.

Сонымен бірге, ресми өкілдің айтуынша, Еуроодаққа мүше елдер ұлттық вакцинация кампаниясын дайындау жұмыстарын бастады.

Apple компаниясы жаңа м1 чипті Mac компьютерлерін таныстырды

Apple компаниясы ресми түрде Mac компьютерлеріне арналған алғашқы процессорды таныстырды. M1 деп аталатын құрылғы 5nm технологиясының көмегімен шығарылған. Бір чипті конфигурацияда сегіз ядролы CPU және сегіз ядролы GPU қазіргі Intel процессорларына қарағанда әлдеқайда жақсы жұмыс істейді. Сонымен бірге, MacBook Air Windows ноутбуктарынан 98%-ға жылдам екені хабарланды.

M1 MacBook Air-дің графикалық өнімділігін бес есе арттырады және қатты күйдегі диск жетегінің жылдамдығын екі есе күшейтеді. Жаңа технологияның SSD контроллері M1-ге біріктірілген. Жалпы алғанда, MacBook Air Late 2020 “өз моделіндегі ең танымал ноутбуктан үш есе жылдам және Windows ноутбуктарынан 98% тез жұмыс істейді.

Сонымен қатар, құрылғының меншікті ерекшелігі ықшамдығында. Ал MacBook Air-ға АҚШ-та тапсырыс беру басталды. Сатылымы келесі аптадан басталады.

Алматыда “InternetCA-2020 Орталық Азиядағы интернет саласының дамуы” атты интернет форумы онлайн өтіп жатыр

Алматыда 11-13 қараша күндері сағат 14.00 мен 17.30 аралығында (Алматы уақыты) “InternetCA-2020 Орталық Азиядағы интернет саласының дамуы” атты XI аймақтық интернет-форумы алғаш рет онлайн өтіп жатыр.

Форумды дәстүрлі түрде MediaNet Халықаралық журналистика орталығы Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің қолдауымен ұйымдастыруда.

Форумда Қазақстан, Беларусь, Украина, АҚШ, Болгария, Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан сарапшылары тәжірибесімен бөлісетін болады.

2020 жыл Қазақстан үшін де, әлем үшін де коронавирус пандемиясы аясында өтті, бұл –күнделікті өмірде, соның ішінде азаматтық қоғам институттарына бұрын-соңды болмаған қиындықтар және онлайн-форматқа көшу қажеттілігімен ерекшеленді. Осы жылдың көктемінде жарияланған Төтенше жағдай азаматтық құқықтар мен саяси бостандықтардың сақталуына, ең алдымен, сөз бостандығына, әділ сот талқылауына, азаматтардың жүріп-тұру еркіндігіне және жеке өміріне әсер етті. Алайда, ақпаратты тұтыну және тарату кезінде аудитория көбіне сыни тұрғыдан ойламайды, көбінесе эмоционалды жауап береді, логикалық емес, манипулятивті немесе жалған ақпаратты қабылдап, оны өңдеп, ақпараттық фонды әрі қарай бұрмалайды.

Осы мәселелер форумның тақырыбын және талқылаудың негізгі бағыттарын анықтады: құқықтарды құрметтеу, сот төрелігіне қол жетімділік, пандемия кезінде ақпаратқа қол жеткізу, цифрлық құқықтар мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, дезинформация мен фейктерге қарсы тұру.

Сұрағыңыз қалды ма, хабарласыңыз: Алёна Кошкина, Думан Смаков, тел. +7 727 292 20 46, +7 747 987 98 79 [email protected]

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz