Париждегі Олимипада басталғалы бері әлеуметтік желілерде түрлі алып-қашпа әңгіме тарады. Соның бірі — “көктемдегі су тасқыны кезінде жапондық дзюдошы Абе Ута қазақ еліне 100 мың доллар жіберген. Қазақ халхы Утаның жақсылығын ұмытпайық” деген мазмұндағы ақпарат. Оқырманның сұрауы бойынша Factcheck.kz деректің қаншалықты рас екенін тексеріп көрді.
Үкім: Фейк
Абе Утаның әлеуметтік желідегі парақшаларында бұл туралы ешқандай ақпарат жоқ. “Қазақстан халқына” қоры су тасқынына байланысты жиналған қаржы туралы есебінде Ута Абе я болмаса жапондық компаниялардан келген көмек туралы ақпарат табылмады. Қордың ресми өкілі Марат Мұхамедқалиев те Жапониядан және сол елдің азаматтарынан қаржы түспегенін хабарлады. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияр бұл ақпаратты жоққа шығарып, фейк деді.
Жапондық дзюдошы Ута Абе өзбекстандық Диёра Келдиёровадан жеңілген соң әлеуметтік желілерде бірнеше фейк ақпарат тарады. Соның бірі – Утаның анасы қайтыс болғаны туралы ақпарат. Factcheck.kz редакциясы оны да тексеріп, ақпараттың фейк екенін анықтады. Шын мәнінде Утаның анасы тірі және балаларын қолдауға келген суретін көруге болады.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.