Xiaomi АҚШ билігін сотқа берді

Xiaomi АҚШ қаржы және қорғаныс министрлігіне қарсы қара тізімнен шығу үшін сотқа берді. АҚШ билігі Xiaomi компаниясын “Қытайдың қарулы күштерімен байланысы бар” деген күдікпен қара тізімге енгізген еді. Бұл туралы CNBC сайты хабарлады.

Xiaomi Қытайдың бұл тізімге енуі “конституцияға сай емес және Xiaomi компаниясының бостандығы мен меншік құқығынан айырады” деп хабарлады. Компанияның хабарлауынша, бұл жағдай АҚШ Конституциясының бесінші түзетуін бұзады.

Қытай компаниясы, сонымен қатар, инвесторлардың акцияларды сатып алуына тыйым салынуы компанияға «орны толмас зиян» әкелетінін хабарлады.

Биыл қаңтарда Дональд Трамп әкімшілігі Қытайдың тоғыз компаниясына инвестиция жасауға тыйым салып, қара тізімге енгізген. Олардың арасында ұшақ жасап шығаратын Comac және ұялы телефон әзірлеуші Xiaomi компаниясы да болған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz