Халықаралық құқықтық бастамаға айыппұл салынғаны хабарланды

Халықаралық құқықтық бастама бейүкіметтік ұйымына 297 170 теңге айыппұл салынды. Бұл туралы ақпарат ұйымның Facebook парақшасында хабарланды.

Алматы қаласының салық органы Халықаралық құқықтық бастама ұйымына қатысты айыппұл мен қызметін шектеу туралы 3 қаулының күшін жойғанына қарамастан, кеше салық органындағы жеке шотымыздан 297 170 теңге айыппұл салынғанын білдік. Осылайша, бізге қарсы қудалау жалғасуда деп айтуға құқығымыз бар.

Ұйымның Facebook парақшасынан алынды

Контекст

  • 2020 жылдың қараша-желтоқсан айларында Қазақстандағы бірнеше бейүкіметтік ұйым салық органдарынан заңбұзушылықтар анықталғаны туралы хабарлама алған.
  • Адам құқығын қорғайтын Human Rights Watch ұйымы Қазақстан билігінің реформалар жүргізуге және адам құқығы бойынша жағдайды жақсартуға тырысып жатқанына күмән келтірді. Сонымен бірге, Transparency International Қазақстан билігін тәуелсіз ұйымдарды қудалауды доғаруға шақырды.
  • Еуроодақ Қазақстан билігі тарапынан үкіметтік емес ұйымдарға қысым жасалуы елдің халықаралық имиджіне нұқсан келтіреді деген.
  • 25 қаңтарда салық органдары Адам құқығы жөніндегі бюро мен “Халықаралық құқықтық бастаманың” жұмысын 3 айға тоқтатқан.
  • Ал 4 ақпанда бірнеше бейүкіметтік ұйым үстінен қозғалған іс пен өндірістің тоқтатылғаны хабарланған еді.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz