Украина қарулы күштерінің құрамында кәмелет жасқа толмағандар бар ма?

Украинадағы соғыс басталғалы бері Ресей жағы Украинаның армия қатарына кәмелет жасына толмағандарды қосып жатқанын айтып келеді (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11). Бұл Кремльдің Украина жағының көп адамнан айырылғаны және адам жетіспей жатқаны туралы нарративінің маңызды бір бөлігі.

«Укропский фреш» анонимді Telegram-арна бір жыл бойы соғыстағы жасөспірімдер тақырыбын жиі көтеріп келеді. Арнаның жетім балаларды соғысқа шақыру және қаза тапқан бірінші жасөспірім туралы оқиғалары баспасөз құралдары мен интернет-қолданушылар арасында кең тарап кетті. Бұл туралы Mash жаңалықтар порталы, «Аргументы и Факты», «Московский комсомолец», «Российская газета» басылымдары, «Осташко! Важное», «Лик войны» telegram-арналары, Х (бұрынғы Twitter) 1, 2 әлеуметтік желі қолданушылары және ресейлік дипломаттар (1, 2) да жазды.

Factcheck.kz редакциясы «Украинаның соғысқа қатысып жатқан балалары» туралы осы және басқа да мәлімдемелерді тексеріп көрді.

Балалардан тұратын әскери құрылымдар

«Укропский фреш» арнасы Украинадағы «кәмелетке толмағандарды мобилизациялау» тақырыбын көтеріп жүрген ең үлкен рупор болып отыр. Алайда, ол реттілікті сақтай алмады және соғысқа шақыру басталды ма немесе енді бастала ма, ол жағын әлі нақтылай алмай жатыр.

  • Украина қарулы күштерінің құрамында кәмелет жасқа толмағандар бар ма?
  • Украина қарулы күштерінің құрамында кәмелет жасқа толмағандар бар ма?
  • Украина қарулы күштерінің құрамында кәмелет жасқа толмағандар бар ма?
  • Украина қарулы күштерінің құрамында кәмелет жасқа толмағандар бар ма?
  • Украина қарулы күштерінің құрамында кәмелет жасқа толмағандар бар ма?

Сөйте тұра, telegram-арна ұсынатын дәлелдер күмәнді. Мысалы, Сумск облысындағы «балалардан тұратын бригада» туралы аңыз қайдан шыққаны белгісіз WhatsApp скриннен басталды.

Украина қарулы күштерінің құрамында кәмелет жасқа толмағандар бар ма?

2022 жылғы желтоқсанда украиналық әскери сарапшы Алексей Гетьман Украина қарулы күштеріндегі бригада саны 1 000-8 000 адам екенін айтты. Соғыста 18 жасқа толмаған осынша адамды тартса, ақпарат кеңістігінде бір анонимді скриншоттан да көп дерек шығары анық.

«Укропский фреш» кәмелет жасқа толмаған әскерилерді іздеуді жалғастыра берді. 2023 жылғы қазанның аяғында канал күмәнді оқиғаны анықтады. «УФ» хабарлауынша, ТрО бригадасының 103 қолбасшылығы «адам жинау үшін балалар лагеріне барған». Фото дәлелдер Facebook әлеуметтік желісінде болған.

Бір айдан соң канал авторлары «Юнг» сарбазының сөзіне сілтеме жасап, соғысқа бірінші рет балалар жіберілгенін, «бір взводқа толарлық бала жиналғанын» айтып, фото ұсынған.

Украина қарулы күштерінің құрамында кәмелет жасқа толмағандар бар ма?

Хабарламаларды ретімен қарастырып шығайық. «Іріктеу өткен» лагерь — «Гайдамацька січ» оқыту-тәрбиелеу орталығы. Оның жетекшісі — Вадим Арнаут — Украина қарулы күштеріндегі 103-бригадада қызмет етеді. Арнаут орталықта қызметкер ретінде жүре алатыны белгілі және бұл армияға іріктеуге қатысты болуы да міндетті емес. Ол бұл қызметке соғыс басталмай тұрып отырғанын да айты кету керек.

«Укропский фреш» жалпы әскери дайындыққа назар аударады, алайда орталықта мұндай сабақтар бейбіт күндері де өтетін. Арнауттың өзі Укрінформ агенттігіне «кей тәрбиеленушілердің расымен әскери әрекеттерге қатысып жатқанын, бірақ олардың ең кішісі 21 жаста екенін» айтқан. Сондай-ақ орталықтың қызметі «балалар мен жасөспірімдерге ұлттық-патриоттық тәрбие беру және оларды жан-жақты дамыту» екенін жеткізген.  

«Жасөспірімдерден тұратын» взвод туралы фото Иван Богун атындағы Киев әскери лицейінің сайтынан алынған. Онда мобилизацияланғандар емес, жетістіктері үшін марапатталып жатқан олимпиада қатысушылары тұр.

Ақпараттың жоққа шығарылғанына қарамастан, көп ұзамай «Укропский фреш» соғыста қаза тапқан кәмелет жасқа толмаған сарбаз туралы мәлімдеді.

Украина қарулы күштерінің құрамында кәмелет жасқа толмағандар бар ма?

Telegram-канал қаза тапқан жас сарбаздың 17 жастағы Сачала Владимир Романович екенін, қайғылы жаңалықты «балалар үйінің директоры Олекся Чекиль» хабарлағанын айтты. Жазба авторын Facebook желісінен оңай тауып алуға болады: оның 2023 жылғы 2 желтоқсанда жариялаған, редакцияланбаған түпнұсқа жазбасы мына жерде бар.

Чикельдің сөзінше, Сачала Владимир Романович расымен соғыста қаза тапқан. Бірақ ол 26 жаста болған. Сонымен қатар оның жетім екені туралы да ештеңе айтылмаған. Әрі оның 103-бригадаға еш қатысы болмаған. Ол 24-бригада құрамында қызмет еткен.

Бәрі неден басталды?

Ресейлік баспасөз құралдары Украинаға басқыншылық жасамай тұрып украиналық балалардың әскери тәрбие алатыны туралы жиі айтатын. Әсіресе, «Азовец» балалар лагерін жиі тілге тиек ететін. Біз бұл мәселеге көп назар аудармаймыз деп шештік, себебі екі ел арасында ірі баспасөз құралдары, тәуелсіз журналистер мен бақылаушылар дайындаған біршама материал шыққан еді.

Біздің мақсатымыз – 2022 жылғы 24 ақпаннан кейін «жасөспірімдерді мобилизациялау» туралы нарративтің қайдан шыққанын және қалай қолданылғанын қарастыру.

Украина қарулы күштерінің балаларды тартып жатқаны туралы алғашқы жаппай хабарламалар 2022 жылғы маусымда шыққан Илья Киваның жазбасынан кейін пайда болған.

Илья Кива Еуромайданға және Донбасстағы әскери әрекеттерге қатысқан. Ресейге қарсы пікірлерімен көзге түскен. Алайда 2019 жылы ресейшіл ОПЗЖ партиясына кіріп, Жоғары Рада депутаты болған. 2022 жылғы қаңтарда Киевтен Ресейге көшкен. Бұрынғы украиналық саясаткер ресейлік телеарналардан жиі көрініп, баспасөз беттеріне жиі пікір білдірген. 2023 жылғы 6 желтоқсанда Мәскеу түбіндегі Олинцев ауданында Супонево ауылында өлі табылған. Ресей Тергеу комитетінің хабарлауынша, Киваны атып кеткен.

Украина қарулы күштерінің құрамында кәмелет жасқа толмағандар бар ма?

Оның сөзінше, «Украина Жоғары радасы 16 жастағы балаларды армияға алуға мүмкіндік беретін заң жобасын қарастыруға дайын». Киваның бұл сөзін ресейлік БАҚ бірден іліп әкетті (1, 2, 3). Бір жылдан астам уақыт бұрын бұл мәлімдемені StopFake.org фактчекерлері жоққа шығарған. Өз тарапымыздан қосарымыз, материал жазу барысында әскерге шақыру жасы бұрынғыдай 18 жас болып қалған.

«Әскери міндеттер және әскери қызмет» туралы қазіргі заңды барлық түзетулерімен бірге мына жерден көруге болады. Бір айта кетерлігі, Украинаның 17 жастағы азаматы курсант (яғни, оқу үшін) ретінде  әскери оқу орындарына немесе әскери бөлімшелерге қызметке қабылдана алады. Келісімшарт бойынша қызмет тек 18 жастан басталады.

Жасөспірімдердің елден шығуын шектеу

Пропаганда жасөспірімдердің соғысқа шақырылатынына заңдық дәлел іздеп әлек болып жатыр. Олардың назарына 16-18 жастағы азаматтардың шетелге шығу тәртібін өзгерту (тыйым салу емес!) қарастырылған 9480 Заңы түсіпті.

Ресейлік ақпарат кеңістігінде украиналық депутаттардың ұсынысы кәмелет жасқа толмағандарды соғысқа жіберуге мүмкіндік беретін бастама ретінде (1, 2, 3, 4) қарастырылып жатыр. Мардан және Breef Telegram-арналары «шекарашылар 17 жастағы украиндарды шетелге жібермей, әскери комиссариаттан құжат талап ететіндерін» жазған. Бұл 9480 заң жобасы мен әскерге шақыру өзара байланысты сияқты көрсетеді, бірақ олай емес.

9480 заң жобасы кәмелет жасқа толмағандардың шетелге шығуын тек ата-анасы/қамқоршысы/сенімді өкілінің рұқсатымен немесе ертіп жүруімен ғана шектейді. Түсіндірме қағазында депутаттар  қазіргі заң бойынша украиналықтар 16 жастан бастап өз бетімен шетелге шыға алатынымен, алайда Еуроодақ 16-18 жастағыларда «ересек адамсыз жүрген бала» санайтындықтан қиындықтар тудыратынын айтқан. Украина әлеуметтік саясат министрлігі құжатты толықтыруға жіберген.

Шекарадағы жағдайға келсек, Украина шекара қызметі қауесетке жауап ретінде шетелге шығуға кедергі келтірмейтінін және қазіргі таңда есепке алмайтынын жеткізді. Бұл жерде мүдделі тарап саналатын ведомствоның айтқаны қандай да бір қорытынды жасауға жеткілікті болмағанымен, шекарашылар 17 жастағы азаматтардан әскери тіркеуде тұрғаны туралы құжат сұрауға құқылы екенін атап өткіміз келеді. Алайда бұл факт кәмелет жасқа толмағандарды соғысқа жіберіп жатқанын білдірмейді.

Сондай-ақ, құқық қорғаушылар тіркеуде тұру шетелге шығуға кедергі болмайтынын айтады.

Жасөспірім сарбаздар

2022 жылы жас сарбаздарды «Укропский фреш» қана іздеген жоқ. Мысалы, URA.RU бір минуттық ролик тапты. URA.RU сайты мен әлеуметтік желілерінен оны табу мүмкін болмады, бірақ видео e-news сайтында қолжетімді.

Сюжетте бет-әлпеті бұлдырланған, көрерменге «Укроп» әскери қызметкері ретінде таныстырылған адам «альфа-аймаққа» (басына/кеудесіне) оқ тиген соң да орнынан тұрып кететін 14 жастағы сарбаздар» туралы айтады.

Бір қызығы, дәлел ретінде кремльшіл пропаганда украиналық әскерилер түсірген кадрларды алған. StopFake.org фактчекерлері оны желіге парамедик Елизавета салғанын анықтады. «Укроп» 14 жастағылар туралы айтып жатқан кезде, осы қызды көреміз.

Қазір Елизавета 23 жаста, яғни былтырғы видеода ол 22-23 жаста болды деген сөз. Мұндайда өз жасынан да кіші көріну қалыпты жағдай.

Жастар бар басқа да видеоларға келтірсек, фото немесе видео бойынша олардың нақты жасын анықтау, әсіресе, 18 жастағы адам (әскерге шақыру уақыты) мен 16-17 жастағы жасөспірімдерден ажырату қиын. Жалғыз шүбәсіз дәлел тек тұтқынға түскен, жарақат алған немесе қаза тапқан адамнан алынған құжат қана бола алады. Алайда соғыс басталған 2 жылда нақты дәлелдер келтірілген эпизод болған жоққ.

31 жастағы азамат 16 жастағы жасөспірімге қалай айналды?

2023 жылғы сәуірде блогер Кирилл Федоровтың «Война История Оружие» telegram-арнасы қолдан жасалған құжаттың «сканын» жариялады.

Украина қарулы күштерінің құрамында кәмелет жасқа толмағандар бар ма?

Канал авторы әскери билетте адамның туған жылы өзгертілгенін (2006 жылдан 2002 жыл деп өзгертілгенін), бұл әрекет Полтавадан шыққан кәмелет жасқа толмаған азаматтың соғыс аттануы үшін істелгенін жазды.

Кілт сөздермен және құжат нөмірімен іздеген кезде StopFake.org және VoxUkraine фактчекерлері «құжаттың иесін» (1, 2) тапқан. 00781932 нөмірі бар әскери билетті ресейлік БАҚ 2015 жылы да көрсеткен. Алайда құжат 2006 жылғы оқушыға емес, сол кезде 23 жаста болған Агапов Евгений Владимировичке тиесілі. Ресейлік тараптың мәлімдемесіне сәйкес, Украина қарулы күштерінің әскери механигі Агапов малайзиялық Boeing 777 апатының куәсі болған. Ол жолаушылар ұшағын украиналық әскери СУ-25 атып түсіргенін растай алады-мыс делінген.

Нөмірі бірдей әскери билеттердің әскери комиссар қолы да, жазба фрагменттері де бірдей.  

Украина қарулы күштерінің құрамында кәмелет жасқа толмағандар бар ма?
2023
Украина қарулы күштерінің құрамында кәмелет жасқа толмағандар бар ма?
2015
Украина қарулы күштерінің құрамында кәмелет жасқа толмағандар бар ма?
2015

Осылайша, 16 жастағы азаматтың әскери билеті туралы хабарлама да фейк болып шықты.

Қорытынды

Украина әскерінің құрамындағы жасөспірімдер туралы хабарламалар Украинада әскерилердің жетіспей жатқаны және көп адамнан айырылғаны туралы нарративтің бір бөлігі. Алайда бүгінгі таңда Украина соғысқа балаларды тартып жатқанына ешқандай дәлел жоқ.

Журналист, сценарист. Изучала политическую журналистику.

Factcheck.kz