Тоқаевтың Түркиядағы сөзіне фактчек

Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда Анкараға жұмыс сапарымен барып, Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті. Жиын барысында Тоқаев екі ел саудасына қатысты бірнеше дерек келтірген. Factcheck.kz президент сөзі қаншалықты рас екенін тексерді.

Мәлімдеме: Түркия Қазақстанның басты бес сауда серіктесінің қатарына кіреді.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Үкім: Шындық

Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сай, 2022 жылы сыртқы сауданың елдерге бөлгендегі көлемі бойынша, бірінші орында Ресей 19,4%-пен, 4-орында Түркия 4,7%-пен, 10-орында Германия 2,1%-пен тұр.

Мәлімдеме: Былтыр екі ел арасындағы сауда айналымы 33 пайызға өсіп, 6,3  миллиард долларға жетті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев

Үкім: Дәлелденбеген

Қазақстан Ұлттық статистика бюросы мен Түрік статистика институтының деректерінде айтарлықтай айырмашылық болғандықтан және Тоқаев қай жылмен салыстырып отырғанын нақтыламағандықтан, мәлімдеме дәлелденбеді.

Қазақстан нұсқасы: Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сәйкес, Қазақстан мен Түркия арасындағы жалпы сауда айналымы 2021 жылы 4,1 млрд АҚШ долллары, ал 2022 жылы 6,3 млрд АҚШ доллары болған, көрсеткіш бір жылда 54%-ке өскен.

Түркия нұсқасы: Түрік статистика институтының дерегіне сай, екі ел арасындағы тауар айналымы 2021 жылы 2,8 млрд АҚШ доллары, 2022 жылы 5,1 млрд АҚШ доллары болған. Өсім — 82%.

Фактчекер-журналист. Factcheck.kz сайтының шығарушы редакторы.

Factcheck.kz