2 наурызда полиция «Астана» телеарнасының Шымкенттегі тілшісі Бахрамбек Талибжановты ұрып тастады. Бұл туралы «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау ұйымы хабарлады.
Түнде Тамерлановское тасжолының бойында орналасқан авто бөлшектер қоймасында үлкен өрт шыққан. Оқиға орнына репортаж түсіруге келген журналисті тәртіп сақшылары видео түсіруге тыйым салған.
Үш полиция қызметкері Бахрамбек Талибжановты байлаған. Ал тағы біреуі тілшінің бетіне, сосын бүйрегіне соққы жасаған. Сол сәтте Бахрамбектің әріптесі — 31 арнаның тілшісі Бахром Абдуллаев жүгіріп келіп, телефонына болып жатқан оқиғаларды түсірген.
БАҚ өкілдерін Абай ауданының ішкі істер бөліміне жеткізді. «Астана» телеарнасының тілшісі полицияға арыз жазды.