Samsung Apple-ге 1 млрд долларды тиынмен төлегені рас па?

Бірнеше жылдан бері әлеуметтік желіде америкалық Apple компаниясына патентті бұзғаны үшін 1 миллиард доллар қарыз болған оңтүстіккореялық Samsung компаниясы бәсекелесіне тролль жасағысы келіп айыппұлды тиынмен төлегені туралы әңгіме жиі пайда болып жүр. 5 центтік монеталар 30 жүк көлігімен жеткізілген. Жақында бұл аңыз интернеттегі «жаңа саяхатын» бастады.

Samsung Apple-ге 1 млрд долларды тиынмен төлегені рас па?

Тексеру кезінде 12 мыңнан астам лайк жинаған жаңа Instagram постының скриншоты

Үкім: Сатира

Содан кейін ол зомби фейкке айналды. Бұл алғаш рет 2012 жылы испандық El Deforma сатиралық сайтында пайда болды. Ертесіне оның ағылшын тіліне аудармасы Paperblog сайтына жарияланды, содан кейін бұл жаңалық әлеуметтік желілерде кеңінен тарады. Snopes-тың фактчекерлері сол заматта-ақ ақпаратты теріске шығарды.

Айтпақшы, Samsung-тың 1 миллиард доллар көлеміндегі қарызы туралы әңгіменің басы (2012 жылы) шынымен де рас (кейін сома 539 миллионға дейін қысқарды). Екі технологиялық алпауыт арасындағы сот ісіне Уикипедиядағы бүтін бір мақала арналған. Дегенмен Samsung қарызын жүк көліктерімен тасыған тиынмен төлегені туралы оқиғаның шарықтау шегі толығымен ойдан шығарылған.

Зомби фейктің қайта шығуы ең кең таралғандардың бірі болуы мүмкін, өйткені ағылшын тілінде сөйлейтін фактчекерлерге ақпаратты қайтадан теріске шығаратын материал жазуына тура келді (мысалдар: мұнда және мына жерде).

20 миллиард монета мен 30 жүк көлігі?

Snopes-тың түпнұсқасы қызық математиканы ұсынады. Біріншіден, бір 5 центтік монета 5 грамм болады. Постта айтылған 20 миллиард монетаның салмағы 100 миллиард грамм болады. Бұл – 100 миллион килограмм немесе 100 мың тонна. Енді 100 мың тоннаны осы тиындар жеткізілді деген 30 көлікке бөлеміз. Әр көлікке 3,3 мың тоннадан келеді екен. Жүк көлігіне мұндай салмақ тиеу мүмкін емес, өйткені ең үлкен жүк көліктерінің де жүк көтергіштігі бұл көрсеткіштен әлдеқайда аз. Бір көлікке тиеуге болатын тиын саны (666,6 миллион) туралы айту сөз етуге тұрарлық па?

Ал 2012 жылы 20 миллиард 5 центтік тиын жинау үшін Samsung 10 жылдан астам соғылған бес центтің барлығын табуы керек еді. Өйткені АҚШ монета сарайы әдетте жылына 2 миллиард тиыннан артығын шығармайды. Мысалы, 2009 жылы барлығы 86,6 миллион монета соғылған.

Посттағы сурет тарихы

Біз тексеріп жатқан посттағы фото біздің зомби фейкпен жиі бірге жүреді. Суреттерді іздеу бізге фотоны 2013 жылғы 4 қазанда Дэнис Балибаустың Reuters үшін түсіргенін көрсетеді.

Samsung Apple-ге 1 млрд долларды тиынмен төлегені рас па?
A truck dumps five cent coins in the centre of the Federal Square during a an event organised by the Committee for the initiative “CHF 2,500 monthly for everyone” (Grundeincommen) in Bern. October 4. REUTERS/Denis Balibouse

Фотосуретте «Әркімге 2500 швейцария франкі» бастамасы жөніндегі комитет» акциясының бір бөлігі ретінде жүк көлігімен құны 5 швейцария центі болатын 8 миллион тиын әкеліп, Берндегі Федералдық сарай алдындағы алаңға төгілген сәт бейнеленген. Көрсеткіш кездейсоқ емес – 2012 жылы Швейцария халқының саны шамамен 8 миллион адам болды.

Комитет әр ересек азамат үшін 2500 швейцария франкі және әр бала үшін 625 франк мөлшеріндегі негізгі табыс идеясын қолдады және алға тартты (тұжырымдама туралы мына жерден оқи аласыз). Акция өткен күні бұл бастаманы қолдап 100 мыңнан астам қол жиналғаны хабарланды.

Алайда бұл идея көпшіліктің қолдауына ие болмады. 2016 жылы Швейцарияда референдум өтіп, онда швейцариялықтардың шамамен 77%-і шартсыз негізгі табысқа қарсы болды, тек 23%-і қолдады.

Тағы оқыңыз

Бұған дейін біз әрбір иммигрант Исландия әйеліне үйленгені үшін 5000 доллар алуға құқылы деген тағы бір танымал зомби фейкіті талдаған едік. Толық ақпарат сілтемеді.

Фактчекер, главный редактор русскоязычной версии Factcheck.kz

Factcheck.kz