Кейінгі бірнеше күнде қазақ және орыс тілді сайттар мен парақшаларда “робот суицид жасады” деген тақырыпта ақпарат жарияланды (1,2,3,4). Ақпаратқа қарасақ, робот көп жұмыстан шаршаған, содан өзін-өзі “баспалдақтан лақтырғанға” ұқсайды. Ресейлік сайттардың көбі Daily mail-дың жазда шыққан ақпаратына сілтеген. Оқырманның сұрауы бойынша Factcheck.kz аталған ақпараттың рас-өтірігін тексеріп көрді.
Үкім: Манипуляция
Робот-супервайзер Куми қалалық кеңесінде 2023 жылдың тамызынан бері хат тасушы қызметін атқарған. 2024 жылдың 28 маусымында жұмыс барысында баспалдақтан құлап, істен шыққан. Жергілікті медиалардың жазуынша, апат алдында робот бір орында бірнеше рет айналған. Дәл осы ақпараттан кейін көптеген медиалар робот қатты шаршап, “өзін өзі лақтырды” деген сарында материалдар шығарды.
Оңтүстік Кореяда қанша робот жұмыс істейді?
Халықаралық робототехника федерациясының дерегінше, жұмысшы роботтар саны кейінгі жеті жылда екі есе өскен. Оының ішінде Оңтүстік Корея жұмыс істейтін роботтар саны бойынша көш бастап тұр, бұл жерде 10 мың адамға шаққанда 1012 робот тіркелген. Сондай-ақ Оңтүстік Корея елдегі жұмыс күшінің 10%-ін роботтармен толтырған алғашқы ел.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.