Mash бас редакторының орынбасары редакцияға жасалған қысымнан кейін қызметінен кететінін хабарлады

Mash телеграм каналының бас редактор орынбасары Сергей Титов басылымда жарияланған соңғы материалдан соң кететінін хабарлады. Бұл туралы Титов телеграм-каналында жазды.

Мен Mash каналының беделі жайлы барлығын түсінемін. Ұят әрекеттерді де түсіндім. Бірақ біз қолымыздан келгенін жасадық. Голунов жайлы жаздық, Беларусь халқын қолдадық <…>. Көзден таса жерден * [жаман] нәрсе жазбау үшін күрестік. Бірақ олар басқа шешім қабылдады. Талантты адамдардың видеосын көрдіңіздер. <…> Біздің уайымызды “костюм киген” адамдар жоққа шығарды. Олар журналистерге * [мән бермейді].

Сергей Титов

Титов Mash құрамына кіретін холдинг пен бас редактор Максим Иксановты құрметтейтінін айтты. Сонымен бірге, бұл жағдайға олардың еш қатысы жоқ екенін ескертті.

Контекст

  • 29 қаңтарда ФБК-ның “Путин сарайы” фильмі шыққаннан кейін Mash каналының бас редакторы Максим Иксанов сол жерге барып репортаж түсірді.
  • 30 Қаңтарда Mash каналында Ротенбергтің Иксановқа берген сұхбаты жариялады. Кәсіпкер резиденцияның өзіне тиесілі екенін айтты.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz