Манипуляция | Коронавирус II қан тобындағы адамға жиі жұғады

БАҚ-тар SARS-CoV-2 коронавирусын негізінен II қан тобындағы адамдар көбірек жұқтыратыны туралы мақалалар тарап жатыр. Мәселен, РИА Новости «Ғалымдар қай қан тобы коронавирус жұқтыруға бейім екенін анықтады» деген тақырыппен материал жариялады. Бұл ақпаратқа сенуге бола ма? Factcheck.kz анықтап көрді.

Үкім: Манипуляция

Мақалада Medrxiv сайтына сілтеме жасалған. Ол ғылымға қатысты ақпараттың сенімді дереккөзі бола алмайды, зерттеудегі сандардың өзі даулы, одан нақты шешім шығару мүмкін емес.

Толығырақ

Қытайлық ғалымдар расымен зерттеу жүргізіп, науқастардың қан тобы мен коронавирустың жаңа түрін жұқтырудың байланысы бар-жоғын анықтап көрмек болды. Мұндай байланыстың болуы мүмкін (!) екені туралы шешім сақтықпен жасалған. Ухань мен Шыңжандағы үш емханадан COVID-19 анықталған 2173 науқастың сараптама үлгілері алынды, олардың 206-ы  коронавирустан қайтыс болған адамдардыкі. Сонымен қатар ғалымдар ухандық 3694 дені сау тұрғыннан бақылау жасап, зерттеді.

Қан тобы   % сау адамдарда (3694 адам) % вирус жұқтырғандарда (2173 адам)  
I33, 84  25,8  
II32,16  37,75
III24,9  26,42
IV9,1  10,03

Мәліметтерден байқағанымыздай айырмашылық үлкен емес, сенсация болуға жеткіліксіз. Одан бөлек, бұл пандемия үшін өте шағын зерттеу.

Тағы айта кететін жайт, Medrxiv – тексерілген медициналық зерттеулердің дереккөзі емес, тек толық, бірақ әлі жарияланбаған медициналық, клиникалық және денсаулық туралы аралас ғылымдарға қатысты тегін онлайн-архив. Мұндағы материалдар тексерістен өтпеген, жұмыс туралы алдын ала есеп қана. Оларды тәжірибеде пайдалануға немесе БАҚ-та дәлелденген дерек ретінде жариялауға болмайды.

Қорытынды

  • Әзірге түрлі қан тобындағы адамдарға вирустың қалай әсер ететіні туралы тексерілген ғылыми зерттеу жоқ.
  • Белгілі бір аурулардың қан тобымен байланысы зерттеліп жатыр, бірақ әзірге болжам ғана бар.
  • Бұл ақпараттарды жариялаған БАҚ-та тақырып кликбейт және оқырмандарды адастыруы мүмкін.
Factcheck.kz