Қырым көпірі тек азаматтық объект пе?

Қырым көпірі — Ресей 2014 жылы Қырымды аннексиялаған соң бірнеше жылдан кейін салған автокөлік және темір жолы. Ол Қырымды Таман түбегімен жалғап тұр. Украинада 1,5 жыл бойы жалғасып жатқан соғыс кезінде көпір екі рет (1, 2) қатты зақымданды. Ресми түрде шабуыл үшін ешкім жауапкершілік алған жоқ, бірақ Украина тарапы көпірдің Украина әскери күштерінің нысанасына айналғанын бірнеше рет айтқан. Мысалы, 21 шілдеде Аспен институтының қауіпсіздік жөніндегі форумында Владимир Зеленский көпір – бейтараптандырылуы керек нысана деп айтты. Одан екі апта бұрын, 8 шілдеде Украина қорғаныс министрінің орынбасары Анна Маляр Telegram-арнасында Украина әскери күштерінің соғыстың 500 күніндегі жетістіктерін айта отырып, 2022 жылғы қазанда Қырым көпіріне жасалған шабуылды да атап өтті.

Ал Ресей тарапы көпірдің бейбіт тұрғындардың жүріп-тұруына арналған «азаматтық объект» екенін бірнеше рет (1, 2, 3, 4) мәлімдеді. Factcheck.kz редакциясы «Көпір расымен тек бейбіт мақсаттарда қолданыла ма?» деген сұраққа жауап іздеп көрді.

Үкім: Жалған

Халықаралық гуманитарлық құқықта «азаматтық объект» деген әскери мақсатта мүлдем қолданылмайтынын білдіретін ұғым. Алайда Желіде Қырым көпірі арқылы соғысқа ауыр техника, қару, отын мен РФ әскері жіберіліп жатқанына дәлел көп. Тіпті, темір жол ғана емес, автокөлік жолы да қолданылған. Сипаттамаларға сәйкес, объектінің әскери мақсаты бар. Сөйте тұра, ресейлік тарап азаматтардың жүріп-тұруын да шектемейді және бұл жағдайда «екі түрлі мақсатта қолданылады» деген орынды болады.

Азаматтық және әскери объектілер

Екі анықтама да 1949 жылғы 12 тамызда шыққан Женева конвенциясының Қосымша хаттамасында (I) бар.

Әскери объектілер сипатына, орналасу жеріне, мақсатына немесе қолданылуына қарай әскери әрекеттерге, толық немесе жартылай қиратуға, қазіргі жағдайға қарай әскери басымдыққа ие жағдайда жүзеге асырылатын басқыншылық не бейтараптандыруға  тиімді үлес қосатын объектілермен шектеледі.

Азаматтық объектілерге анықтамалуы бойынша әскери объектілер саналмайтын объектілер жатады.

Хаттамалық анықтамалардың анық еместігі және жалпылама болуы журналистерді Human Rights Watch (HRW) ұйымына жүгінуге итермеледі. HRW өкілдерінің сөзінше, «әскери мақсаттарға» «жау комбатанттарын, қару-жарақты және оқ-дәріні, сонымен қатар әскери мақсатта қолданылатын ғимараттар мен көлік құралдарын» жатқызуға болады. «Азаматтық объектілер» ретінде құқық қорғаушылар «үйлер, пәтерлер, кәсіпорындар, ауруханалар, мектептер, мәдениет ескерткіштерін» атады. Алайда бейбіт объектілерді әскери мақсатта қолдану да оны легитимді нысана ететінін де есте сақтау керек.

Сонымен қатар Нильс Мельцердің «Халықаралық гуманитарлық құқық» оқулығында «екіжақты мақсатта» қолданылатын объектілер де айтылады. Бұл логистикалық  инфрақұрылымға жататын  (жолдар, көпірлер, темір жолдар, порттар мен әуежайлар), электр стансалары және электр және байланыс желілері.  Егер объект қарсыластың әрекеттері мен оны жоюға, бейтараптандыруға тиімді ықпал етсе я басқыншылық әскери артықшылық берсе, ол азаматтық мақсаттарда бір реттік қолданылуына қарамастан әскери объект саналады. Бұл жерде өлшем принципі де маңызды — кездейсоқ зиян саны алынған артықшылықтарға сай кезуі керек.

Ресей Қырым көпірін соғыста қалай қолданды

Төменде Ресейдің Қырым көпірін әскери техника мен қару-жарақ тасу үшін қолданғанын дәлелдейтін, ашық дереккөзден алынған мысалдар келтірілген.

2018 жылғы желтоқсанда IgorGirkin никі бар қолданушы IgorGirkin (Игорь Стрелков-Гиркинге қатысы жоқ) Қырымнан әскери техника өтіп жатқаны туралы туит жариялады. Колонна көпірдің асфальт жағынан өтіп жатты.

Қырым көпірі тек азаматтық объект пе?
IgorGirkin туитінің скриншоты
  • 2019 жылы ресейлік lenta.ru Қырым көпіріндегі автоколонна видеосын ұсынды.
  • 2019 жылдың соңында темір жол қатынасы ашылды. «Российская газета» көпірдің арқасында азық-түлік қана емес, әскери техника мен амуниция да алынатынын атап өткен.
  • 2021 жылы 5 арна «Краснодарский край» Telegram-арнасына сілтеме жасап темір жолмен өтіп бара жатқан әскери техника видеосын салды. Дәл сондай роликті Tiktok желісінен де табуға болады. 29 наурызда колонна Қырымға бара жатқаны айтылады, бірақ қатынас бірнеше күнге созылған.
@krasnodar.kray

Мощь России в одном видео! Переброска военной техники через Крымский ЖД мост! 29.03.21Перебрасывают не первый день уже.

♬ оригинальный звук – Краснодар и Краснодарский край
  • Ресейдің Украинаға басқыншылығы қарсаңында 2022 жылғы 16-17 ақпанда РФ Қорғаныс министрлігі Қырымнан көпір арқылы кетп жатқан әскери колонналар түсірілген видеоны жариялады.
  • 2022 жылғы 22 ақпанда «Керчь.ФМ» редакциясы куәгерлер сөзіне сүйеніп «Қырымға үлкен колонналар кетіп жатқанын» хабарлады. Оларды «Көпір подъезінде» күтіп алған.
  • 2022 жылғы 26 тамызда РФ армиясының әскери техника құрамы Қырым көпірінің Ресей жағындағы кіре берісіндегі Тамань станциясынан байқалды.
  • 2022 жылғы 27 тамызда «Азаттық радиолсы» Қырым көпірінің автокөлік жүретін жағында кетіп бара жатқан өз құрамы мен жанармайы бар он автокөлік колоннасы туралы хабарлады.
  • 2022 жылғы 1 қыркүйекте «Крым.Реалии» порталы тағы бір видео жариялады. Куәгерлердің сөзінше, әскери көліктер Таврида трассасымен кеткен.
  • 2023 жылғы 28 наурызда баспасөз құралдары мен әлеуметтік желілерде Қырым көпірінде ресейлік әскерилердің апатқа түскені туралы хөабарлама тарады.

Қырым көпіріне шабуыл және оған реакция

2022 жылғы 8 қазанда Қырым көпірінде жарылыс болды. Нәтижесінде автокөлік жолы зақымданып, темір жол цистернасы өртенді. Сөйтіп, темір жолға да зиян келді. Мемлекеттік думада жағдай туралы Юрий Афонин пікір білдірді:

Бүгінгі болған жағдай, әрине, Украина Қауіпсіздік қызметінің жоспарлы акциясы. Ол Қырым көпірін жою ниетімен ғана емес, Ресей армиясын Херсон облысындағы жағдайын нығайту және логистикалық проблема тудыру үшін де жасалды деп ойлаймын.

Юрий Афонин, Мемлекеттік думаның қауіпсіздік және жемқорлыққа қарсы комитет төрағасының бірінші орынбасары

Ал РФ СІМ өкілі Мария Захарова көпірді «азаматтық инфрақұрылым» деп атады.

2023 жылғы шілденің 16-нан 17-не қараған түні Керіш түбегі ауданында жарылыс болды. Бұл жолы автожол қатты зақымдалды. Қырым парламенті басшысы Владимир Константинов «Киевте көпірдің автокөлік жолы тек азаматтық объект екенін білмеуі мүмкін емес» деп мәлімдеді. Кейінірек Кремльдегі жиналыста Путин де тура соны қайталағандай болды:

Бұл қылмыс – Қырым көпірі әскери тасымал үшін қолданылмай жүргендіктен, әскери тұрғыдан мәнсіз, еш мағынасы жоқ және кінәсіз азаматтардың қазасына алып келген [іс-әрекет] .

Владимир Путин

Ал Сергей Аксёнов басқа ақпаратты айтты:

Владимир Владимирович, біз таңертең вагондардың бір бөлігін Керчь паром өткеліне жібердік. Сонымен қатар, қазір паром өткеліне жеңіл автокөліктерді жібермейміз, әрине, Қорғаныс министрлігінің жүктері басымдыққа ие болғандықтан, барлығын айналма жолмен жүруді сұраймыз.

Сергей Аксёнов

Әскерилер үшін пайдалы инфрақұрылым

Соғыстардың халықаралық тәжірибесі, әртүрлі құжаттар мен терминдерге сәйкес, Марко Сассоли көпірлерді «әскерилер үшін пайдалы инфрақұрылым» деп анықтаған. Профессор кей ұйымдар мен зерттеушілер темір жолдар мен көпірлерді әскери объектілерге жатқызатынын, ал басқалары ол үшін көлік инфрақұрылымы соғысқа араласуы керек екенін айтады.

Ашық дереккөзде Қырым көпірін Украинаға қару, әскери жүк, көлік және Ресей армиясы құрамын жеткізгеніне дәлел көп. Сондай-ақ қозғалыс рельс бойынша ғана емес, автокөлік жолымен де болғаны байқалады. Мұндай объект азаматтық санала алмайды, ол не әскери, не Ресейдің көпірді шектемей отырғанын ескергенде екі түрлі мақсатта қолданылатын объект болады.

Журналист, сценарист. Изучала политическую журналистику.

Factcheck.kz